Катонқарағай ауданында трузимді дамытуға 2 млрд теңге тартылды

(Дауыстар: 1)
Катонқарағай ауданында трузимді дамытуға 2 млрд теңге тартылды

Табиғаты көркем Катонқарағай ауданының туристік әлеуетін, руханиятын, әдебиеті мен мәдениетін қалай дамытуға болады? Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуы керек? Жергілікті кәсіпкерлер тарапынан қандай жұмыстар қолға алынуы қажет? Осы және басқа да маңызды мәселелер Өскеменде Катонқарағай ауданы ұйымдастырған «Туған елге - тарту» атты инвестициялық форумда кеңінен талқыланды. Форумға ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, бүгінде еліміздің өзге өңірлерінде тұратын Катонқарағайдан шыққан кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

ШҚО әкімінің орынбасары өз сөзінде форумға қатысушы катонқарағайлық кәсіпкерлер мен өзге де салада жүрген азаматтарға ауданның туризмін, мәдениетін, әлеуетін көтеруге белсенді түрде қатысуға шақырды.

– Біздің облыста кәсіпкерлердің көмегінің арқасында көптеген әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыруымыз керек. Біз өз жерлестерімізді – бүгінде Алматыда, Астанада, Шымкентте тұрып жатқан кәсіпкерлерді, зиялы қауым өкілдерін өңірге бекерге шақырып отырған жоқпыз. Өңірдің әл-ауқатының ғана емес, рухани, мәдени әлеуетінің де жоғары болуының маңызы үлкен, – деді Жақсылық Омар.

Ауданды өркендетуге қатысты көптеген өзекті мәселелер әңгімеге арқау етілген форум барысында әдеби туризмді дамыту және «Мұзтау» қайырымдылық қорының қаржысына бой көтеретін Қаратай батыр ескерткішінің жайы да сөз болды. Айта кетейік, бұл басқосуға Дидахмет Әшімхан, Қайырды Назырбаев секілді катонқарағайлық жазушылар да арнайы қатысып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты.

– Катонқарағай ауданының туристік әлеуеті елімізге ғана емес, шет мемлекеттерге де мәлім. Ауданның көркем табиғатын көруге жыл сайын туристер ағылып келіп жатады. Мұндағы әйгілі Мұзтауды, шипалы Рахман қайнарларын, сұлу сарқырамалар мен көркем көлдерді бір көруді армандайтын адамдардың қатары көп. Сақ патшаларының жазығы – атақты Берел қорғандарының өзі неге тұрады?! Бір сөзбен айтқанда, Катонқарағай – көз тойғысыз сұлу табиғатымен ғана емес, тамыры терең тарихымен де мақтана алады, – деді Катонқарағай ауданының әкімі Дәурен Тілеубаев.

Өкінішке қарай, осындай табиғаты тамылжыған жұмақ мекеннен тамырын үзіп, қалаға көш түзеп жатқан тұрғындар көп. Стратегиялық тұрғыдан маңызы үлкен шекаралық аудан халқының саны жылдан-жылға азайып барады. Бұл тығырықтан шығар жол қандай? Аудан әкімінің пікірінше, тығырықтан шығар жол – аудандағы демалыс базаларының жыл бойы, үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, жаңа санаторийлер салу, әуе бағыттарын жандандыру. Бұл тарапта, әрине, кәсіпкерлер инфрақұрылымдарға инвестиция құю арқылы өз көмектерін көрсете алады. Осы ретте ауданда осыдан бірнеше жыл бұрын бой көтерген «Нұрбұлақ» санаторийін айтуға болады. Бүгінде бұл шипажайды еліміздің барлық тұрғындары жақсы біледі. Алдағы уақытта компания басшылары аталған санаторий жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін тау шаңғысы базасын салуды жоспарлап отыр.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының мамандары жаяу, аттылы және көліктегі адамдарға арналған бағыттарды ашу, қонақүйлер құрылысы мен кемпингтер салу тұрғысындағы жоспарларымен бөлісті. Ауданға демалуға келушілер көркем табиғатқа тамсанып қана қоймай, бал, қымыз, сүт, ет секілді экологиялық таза өнімдермен қатар маралдың мүйізінен жасалған түрлі дәрілік препараттар, емдік шөптер мен олардың тамырларын сатып алатыны белгілі. Нәтижесінде аудан қазынасына қаржы құйылады. Аудан басшылығы алдағы уақытта Бұқтырма су қоймасының жағалауын да туризм аймағына айналдыруды жоспарлап отырғанын айтады. Бұл жерде жағажай туризмін дамытуға мүмкіндік мол.

Басқосу барысында ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен Катонқарағай ауданында асыл тұқымды марал шаруашылығын дамытуға жыл сайын 30 миллион теңге көлемінде субсидия бөлініп келе жатқаны да айтылды. Бүгінде ауданда оннан астам марал шаруашылығы жұмыс істейді, олардың көбінде өздерінің пантымен емдеу орындары бар.

Форум соңында жалпы құны 2 миллиард 300 миллион теңгені құрайтын ынтымақтастық жөніндегі бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар