«Тіл шебері» атты Шығыс Қазақстан облыстық байқауы өтті

(Дауыстар: 1)
«Тіл шебері» атты Шығыс Қазақстан облыстық байқауы өтті

Еліміздегі үштұғырлы тіл саясатын насихаттау аясында «Тіл шебері» атты Шығыс Қазақстан облыстық байқау болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен байқауға 18 бен 30 жас аралығындағы 12 жас қатысып, бақ сынасты. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және көптілділікті насихаттау мақсатын ұстанған байқауға облысымыздың қалалары мен аудандарында өткен іріктеу конкурстарының жеңімпаздары қатысып, өздерін үкілеп жіберген өңірлерінің ғана емес, тілдердің мәртебесін биіктетуге тырысып бақты.

Шара төрт кезеңнен тұрды. «Ұлттаным» атты алғашқы кезеңінің шарты бойынша үміткерлер қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалар жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде, «Мәдениеттаным» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беруге, ал «Елтаным» атты кезеңде қазақ елі мен оның аймақтары турасындағы тапсырмаларды орындау арқылы ағылшын тілін қаншалықты меңгергендерін паш етуге, сондай-ақ, соңғы «Өнертаным» атты кезеңде өз өнерлерін ортаға салуға тиіс болды.

Ақпанның ақ түтек боранына қарамастан өздерінің білгірліктерін байқатуға келген жастар алқашқы кезеңде-ақ көп нәрсені жетік білетіндерін танытты. Бұл кезеңде қазақтар түгілі, өзге ұлт өкілдеріне әбден таныс болып кеткен сәбидің тұсауын кесу, бесікке салу немесе құдаласу рәсімдері емес, бұл күнде ұмытыла бастаған бәсіре беру, ұшықтау, есік ашу, тіпті, сүт ақы сынды салттар туралы нақтылап айтып беру керек болған. Байқауға қатысушылар бұл сындардан біршама сүрінбей өтіп, олар туралы әжептәуір деректер бере алды. Бұл, асық иіру арқылы сұрақтар қойылған кезеңде әсіресе, Риддер аграрлық-техникалық колледжінің ағылшын тілі мұғалімі Аяулы Мырзаболқызы мен Бесқара-ғай ауданындағы Долон орта мекте-бінің аталған тілді оқытушысы Данияр Байтабанов өзгелерге қарағанда біршама білгірлік танытып, қазақтың біртуар тұлғалары – Қаныш Сәтпаев пен Әмина Өмірзақова туралы танымдық дәйектер келтірген.

«Мәдениеттаным» кезеңі әр қатысушының ұяшық таңдауы арқылы өз бағын сынауына жол ашқан. Мұндағы көрісу, бәсіре, есік ашар, ерулік беру, ауызбастырық және басқа да ұлттық салт туралы берілген тапсырмаларда сайыскерлердің дені оларды жарытып аша алмағанының куәсі болдық. Олар негізінен, сірә, қысылса керек, жалпылама ғана баяндады. Бұл жолы сүт ақының қандай жағдайда жасалатын рәсім екені туралы Шемонайха аудандық ішкі істер бөлімінің лейтенанты Арнұр Шаяхметов, қыз көшінің мәнін түсіндіре алған А.Мырзаболқызы, «Көрісудің» түп төркінін аша жеткізген ШҚМУ-дың студенті Еркежан Мадиярова қатарластарынан біршама алда тұрғанын байқатты.

Ағылшын тіліндегі «Елтаным» кезеңі біздің байқауымызша, сайыскерлердің көбірек қиналған сәті болғандай. Олар өз өңірлері, Сочи Олимпиадасы және басқа да тақырыптар турасында сөз саптап, байқауға арнайы шақырылған волонтерлермен өзара әңгімелесті.

Байқауда көрерменге ерекше ұнап, әр қатысушының оң жамбасына келген кезең соңғы «Өнертаным» болған-ды. Онда әр сайыскер өз өнерін паш етіп, ән салып, би биледі, ақындардың өлеңдерін, тіпті, монологтар оқыды. Бұл кезеңде бесқарағайлық Д.Байтабанов өзгелерден ерек көрініп, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің абақтыдағы шағы туралы монолог оқып, өзінің әртістік қабілеті мол екенін танытты.

Бір байқауда үш тілде білімпаз-дықтарын көрсетіп баққандар ішінен дара көрінген үржарлық Шынар Чигаева болды. Ол енді республикалық «Тіл шеберінде» облысымыздың намысын қорғамақ. Ал бірінші-үшінші орындарға тарбағатайлық М.Төлегенова, жармалық А.Әміренова және бесқарағайлық Д.Байтабанов қол жеткізіп, тиесілі сыйлықтарды иемденді.

Ғафура Сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар