«Болашақ» бағдарламасы бойынша жастарды білім алуға шақыруда

(Дауыстар: 1)
«Болашақ» бағдарламасы бойынша жастарды білім алуға шақыруда

Қазақстан Республикасында 1993 жылдың 5 қараша күні жастардың білімін жетілдіріп, тәжірибелі, білікті маман даярлау мақсатында Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Ел Президенті тағайындаған бұл стипендиялық бағдарлама жастардың шет мемлекетте заманауи білім мен тәжірибе жинақтап, еліміздің игілігі жолында қызмет ету идеясына негізделген. Халықаралық стипендия жас азаматтардың кәсіби мамандануының кепілі.

2005 жылы елімізде «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің санын арттыру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясына байқау өткізуді ұйымдастыру үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құрылған болатын. Аталмыш орталық республиканың әр аймағындағы ЖОО-ын аралап, «Болашақ» бағдарламасы бойынша жастарды білім алуға шақыруда. Бүгін ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті Нәдірова Айгүл Молдақынқызы, құжаттарды қабылдау және байқауды ұйымдастыру бөлімінің менеджері Мақажанова Айгерім Амангелдіқызы Шәкәрім университетіне келіп, қара шаңырақ ұжымымен, студенттермен жүздесті.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша жастарды білім алуға шақыруда

Кездесуге университет ректоры Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы, проректорлар: Атантаева Бақыт Жұмағазықызы, Искакова Гүлнар Қожағұлқызы қатысты. Кездесу барысында Астанадан ат арытып келген делегация мүшелері «Болашақ» бағдарламасы аясында шет елде білім алып, тәжірибе жинаудың тиімділігін, қажетті құжаттарды өткізу шарттарын айтып, жиналған көпшіліктің сауалдарына жауап берді.

Сөз барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығының» вице-президенті Айгүл Молдақынқызы бүгінгі таңда «Болашақ» стипендиясын жүзеге асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, еліміз үшін қажетті техникалық, медициналық бағыттағы мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінетіндігін, сондай-ақ, болашақтықтарды әлемнің ең үздік оқу орындарына жіберетіндіктерін тілге тиек етті.

Сонымен бірге, кездесуге «Болашақ» стипендиясының түлектері де келіпті. Олар да өз тараптарынан шағын баяндамалар жасап, мемлекет басшысы ұсынып отырған мұндай халықаралық стипендияның пайдасы мен қажеттілігін айтып өтті.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар