Галина Вишневская Әлем чемпионы атанды

(Дауыстар: 2)
Галина Вишневская Әлем чемпионы атанды

Қазақстан намысын халықаралық жарыстарда қорғап, жақсы қырынан көзге түсіп жүрген шығысқазақстандық Галина Вишневская АҚШ-та өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында биатлоннан алтын және күміс медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Біздің облыстан Сочи Олимпиадасына қатысқан спортшыларымыз құралақан оралып, жанкүйерлерін қуанта алмаған еді. Ал АҚШ-тан жеткен қуанышты хабар ел арасына лезде тарап кетті. Галина із қуып жарысуда жастар арасындағы Әлем чемпионы атанды. Германия спортшысы Луиза Каммер мәреге екінші болып келді. Қола канадалық Сара Будроға бұйырды.

Галина Вишневская 7,5 шақырымдық спринттік жарыста күміс медальға ие болды. Алтынды ресейлік Евгения Павлова иеленді. Қола жүлдені германиялық Аника Кнол еншіледі.

Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиаданың күміс жүлдегері Галина Вишневская былтырғы Әлем чемпионатында да спринттік жарыста күміс жүлдеге ие болған-ды. Талантты спортшының шеберлік деңгейінің тез өсуі және тек жеңіс үшін құлшынып күресуі өзінің бапкерлері мен жанкүйерлерін қуантып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар