«Әбілхан Қастеевтің графикасы» атты көрме ашылды

(Дауыстар: 1)
«Әбілхан Қастеевтің графикасы» атты көрме ашылды

Шығыс Қазақстан өнер мұражайында 5-наурыздан бастап Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай - Бөрілі» Мемлекеттік тарихи-мәдени, әдеби мемориалдық қорық-мұражайының қорларынан әкелінген «Әбілхан Қастеевтің графикасы» атты көрме ашылып, жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасының Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің акварельдерінің көрмесі оның туғанына 110 жыл толуы мерейтойына орайластырылған. Бұл датаны өнерсүйер қауым 2014 жылғы 14-қаңтарда атап өткен болатын.

Қазір суретшінің еңбектері Қазақстанның, Россияның, Қырғызстанның мұражайларында, Қазақстан мен шет елдерлің жеке коллекцияларында сақтаулы. Суретшінің шығармашылық мұрасы өте бай, 1100 еңбектен астам. Ә. Қастеевтің жұмыстары – қазақстандық бейнелеу өнері мектебі ғимаратының іргетасы болып табылады.

Өнер мұражайында алғаш рет Шебердің 11 түпнұсқа суреттері көрсетіліп отыр. Акварель суретшінің ең сүйікті техникасы болды. Бүкіл Қастеевтың, оның пластикасының, стилінің қалыптасуы, оның жанрлық құштарлығы, сүйікті образдарының барлығы да акварельмен байланысты деп батыл айта аламыз.

«Әбілхан Қастеевтің графикасы» атты көрме ашылды

1934 жылдан бастап суретші ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың образын жасаумен айналысты. Абайдың портреті – оның алғашқы шығармашылық табысы, соның арқасында ол Халық ағарту комиссариатының жолдамасымен Москваға оқуға жіберіледі. Көрмеге қойылған акварельдердің көпшілігі осы тақырыппен байланысты. Қастеев ақынның отыз портретін салды. Соның бесеуі – сіздердің көз алдарыңызда. Ол жас Абайдың медреседе оқыған жылдарындағы шығармашылық шабытты сәттерін, сондай-ақ 1947 жылғы экспедиция кезінде қағазға түсірілген, табиғат аясында отырған оның ересектеу кезін де салды. Бұл цикл бойынша ең соңғы сурет – 1971 жылы салынған акварель «Бала Абай» ерекше құнды болып табылады. Пейзаждарда Құнанбайдың Жидебайдағы қыстауы, ақын ерекше жақсы көрген Қарауыл төбе, Құнанбайдың ата қонысындағы Бақанас пен Байқошқар өзендері, тобықтылықтардың жыл сайын мамыр айынан жаз бойы аттанатын Шыңғыстау табиғаты аса тартымды да көркем бейнеленген. Акварельдің «Сырымбет» атты біреуі суретші көп еңбектенген Шоқан Уәлиханов тақырыбына арналған.

Әбілхан Қастеев көрерменді құндылықтардың алғашқы бастауларына қайтадан алып келеді, өнер мен өмірдегі басымдықтарды анықтайды. Бұл көрмеден сіздер алғашқы қазақ суретшісінің төл талантының әлеуетті тартылыс күшінің қуатын сезетін болады деп үміттенеміз.

Айтмұхамбет Қасымов
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар