Әйелдер қауымы құттықталды

(Дауыстар: 1)
Әйелдер қауымы құттықталды

Кеше Өскеменде Металлургтердің мәдениет үйінде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевтың қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл мерекелік шараға облысымыздың қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген қыз-келіншектер жиналды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгінде біздің қыз-келіншектер кәсіпкерлікті өрістету бағытында ер-азаматтардан еш кем түсіп жатқан жоқ. Облысымызда «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша 5 мыңнан астам әйел өз жобаларын жемісті іске асыруда. Мемлекеттік қызметтің ауыр жүгін де нәзік жандар көтеріп жүр. Саяси мемлекеттік қызметшілердің 12 пайызын, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің 62 пайызын қыз-келіншектер құрап отыр. Мұнымен қоса, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының 15 пайыздан астамы әйелдер қауымынан екенін де атап өткен жөн.

– Жарқын мерекенің қарсаңында өткізіліп отырған маңызы жоғары іс-шара аясында өздеріңізбен жүздескеніме қуаныштымын. Мұхтар Әуезов «Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп толғанған. Расында, адамзат өмірінің іргетасы сіздердің қолдарыңызбен қаланады. Сіздер отбасы берекесін сақтаумен бірге, Тәуелсіздікті нығайту ісіне де еселі үлес қосып, бейбіт тірлік пен бірліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйтқысы болып келесіздер.

Әйелдер қауымы құттықталды

Қымбатты ақ жаулықты аналар, қарындастар! Сіздерді келе жатқан мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мықты денсаулық, жақсы көңіл күй тілейміз, жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер! – деді аймақ басшысы атынан әйелдерді мерекелерімен құттықтаған облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев.

Салтанатты жиын барысында еңбегі елге сіңген бір топ әйелге құрмет көрсетілді. Осы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы-демографиялық саясат және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының Алғыс хаттары «Алтын-ай» мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мағиза Мирвазетдиноваға және Семей қаласындағы №5 аралас типтік емхананың бас дәрігері Зәуре Жұмагелдинаға табыс етілді.

Сонымен қатар, белсенді азаматтық ұстанымдары және Шығыс Қазақстан облысын дамытуға қосқан үлестері үшін «Экономикалық лицей» мемлекеттік мекемесінің директоры Нәйля Хамидуллина мен ішкі істер департаменті тергеу басқармасы бөлім басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Елена Горошанская, көп жылғы адал еңбектері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін Бесқарағай аудандық медициналық бірлестігінің дәрігері Сәуле Қайырханова, Глубокое ауданындағы қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысушы үй шаруасындағы әйел Майра Кәкімова, Үржар ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы Дариға Жаркенова, облыс бойынша қаржы полициясының бас маманы Ләйлә Ысқақова, облыстық прокуратураның аппарат басшысы Аяна Құдабаева облыс Әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Әйелдер қауымы құттықталды

Осы жиынның қарсаңында өткен «Аяулы жас келін» облыстық байқауының үздіктері де марапатталды. Алғашқы үш орынды өзара бөліскен жеңімпаздарға облыс Әкімінің арнайы сыйлықтары табысталды.

Ержан Әбіш
сурет Ғылымбек Сабитовтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар