Көктемгі су тасқынына дайындық жүруде

(Дауыстар: 1)
Көктемгі су тасқынына дайындық жүруде

Кеше Премьер-Министр Серік Аахметов өткізген Үкімет мәжілісінде 2014 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау, Елбасының тапсырмасына орай әзірленген 2014-2015 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспарының жобасын қарау, көктемгі су тасқынына дайындықты пысықтау мәселелері қаралды. Үкімет мәжілісіне селекторлық режимде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы іске асыру мақсатында макроэкономикалық көрсеткіштердің 2014 жылға нақтыланған болжамын есепке ала отырып, ағымдағы жылғы республикалық бюджеттің параметрлері айқындалған. Нәтижесінде 2014 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 6 206,1 млрд. теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен (5 773,7 млрд. теңге) салыстырғанда 431,7 млрд. теңгеге өсіммен белгіленіп отыр. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттер түсімдерін қоспағанда) бекітілген жоспардағы 4 029,4 млрд. теңгеге қарағанда, 331,7 млрд. теңгеге ұлғайтыла отырып, нақтыланған және 4 360,9 млрд. теңгені құраған.

Осы мәселені қорытындылаған Премьер-Министр ел бюджетінің толық нақтыланған жобасы Парламентке енгізілетінін атап көрсетті.

Екінші мәселе бойынша да негізгі жоспарды Ерболат Досаев таныстырды. Оның айтуынша, 2012 жылы Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың үлесі жалпы ішкі өнімнің 19,2 пайызын құраған. Сонымен бірге көлеңкелі экономиканың басым үлесін тауар өндіру мен бейресми қызметтер арқылы көрсетілетін қызмет түрлері алатын көрінеді.

Көлеңкелі экономикаға қарсы тұру кез келген дамушы мемлекет үшін маңызды екендігін атап өткен Серік Ахметов бүгінгі Үкімет мәжілісінде кеңінен талқыланған 2014-2015 жылдарға арналған аталмыш жоспарды әлі де толықтырып, түзетуге және 13-наурызға дейін Үкімет қаулысымен келісілген кешенді жоспар жобасын енгізуге кері қайтарды.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың атап өтуінше, барлық өңірлерге төтенше жағдайлардың алдын алу әрі оның салдарын жоюға 9,5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Алдын ала 4,5 мың адам, 800-ден астам техникадан тұратын күштер мен құралдар тобы жоғары әзірлікке келтірілген. Министр Шығыс Қазақстан облысы бастаған бірқатар аймақтар көктемгі тасқынға қарсы алдын ала жоғары дайындықпен келгендігін атап өтті.

Премьер-Министр Серік Ахметов барлық облыс әкімдеріне су тасқынына дайындық мәселелерін ерекше бақылауға алуды, нақты жағдайға мониторинг жасауды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, жергілікті әкімдіктер мен төтенше жағдайлар құрылымдары барлық шараларды мерзімінде орындауы керектігін тапсырды.

Үкімет мәжілісінен кейін кеңес өткізген ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев тиісті басқарма басшыларына көктемгі су тасқынына сақадай сай болуды, жергілікті жерлермен байланысты үзбеуді тапсырды. Себебі, синоптик-мамандар осы және алдағы аптада күн райы нөлден жоғары болатындығын болжауда. Сондықтан қауіпті нүктелерді үзіліссіз бақылауға алған абзал.

Семей өңірінде де су тасу қаупі жоғары, жыл сайын қатер тудыратын жерлерді шұғыл аралап қайтқан дұрыс.

Жалпы, биыл өңірімізге қардың аз түскені белгілі. Десек те, күн күрт жылынса, тау басындағы қар еріп, өзендер тасуы мүмкін. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, барлық аудандарда бұл жағдайлар ескерілген. Әсіресе, су қоймалары қатаң бақылауға алынған.

Сондай-ақ, Ермек Көшербаев облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Байғонысовқа аудандарда қасқырдың қолдағы малға шабу фактілері тым жиілеп кеткендігін, тұрғын-дар шағымы көбейгендігін айтып, осыған орай жедел әрекет етуді тапсырды.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Қоғам | Кілт сөдер: тасқын

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар