Жаратылыстану және математика пәндерінен республикалық олимпиада басталды

(Дауыстар: 1)
  • 14 наурыз 2014, 16:18 |
  • Пікірлер: 1
Жаратылыстану және математика пәндерінен республикалық олимпиада басталды

Өскеменде мектеп оқушылары арасында жаратылыстану және математика пәндері бойынша республикалық олимпиада басталды. Соңғы 10 жылда тұңғыш рет өткізіліп отырған білім сайысына Шығыс Қазақстаннан 52 оқушы (жетеуі ауыл мектептерінен) қатысады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы айтулы шара қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық орталықта ШҚО білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев баспасөз мәслихатын өткізді.

– Республикалық олимпиада математика, физика, химия, биология, информатика, география пәндері бойынша өткізіледі. Бұл білім сайысы теориялық және эксперименттік кезеңдерден тұрады. Оған еліміз көлеміндегі орта мектептердің 9-11 сыныптарында оқитын 700-ден аса дарынды оқушысы келмек. Осылайша, халықаралық білім сайыстарына Қазақстан атынан қатысатын нағыз үздік оқушыларды іріктеу көзделіп отыр. Сондай-ақ, мұндай сайыстар арқылы білімді оқушылардың дарынын шыңдау жоспарланғанын баса айтқым келеді, – деген басқарма басшысы олимпиадаға әр өңірден келетін балаларға арналып, түрлі танымдық шаралар өткізілетінін де атап өтті.

Атап айтқанда, әр облыстың намысын қорғауға келетін дарынды оқушылар сайыстар арасында А.Пушкин атындағы облыстық кітапхана мен Өскемендегі бірқатар мұражайларда болып, Жамбыл атындағы драма театрының қойылымдарын тамашалайтын көрінеді. Олар тек өнер, мәдениет саласымен ғана таныс болмай, өңіріміздегі ірі өндіріс кәсіпорындарына барады, қаланың көрікті жерлерімен жақынырақ таныстыратын «Здравствуй, Усть-Каменогорск!» бағдарламасы шеңберінде саяхат жасап, Тарханкадағы «Восток-Тур-Драйв» туристік базасында өтетін фестивальға қатыспақ. Ал 16 наурыз күні жас дарындар үшін «Мәңгілік ел» акциясы аясында мерекелік концерт көрсетіледі.

Осындай мәселелерді жіліктей баяндаған облыстың бас мұғалімі білім басқармасының жаңадан қолға алып жатқан он жобасы туралы да әңгімелеп берді.

– Қазір басқармаға қарасты өңірлік жаңа технологиялар орталығы он имидждік жобаны жүзеге асыруда. Олардың үшеуі көшпелі болса, қалған жетеуі білім мен тәрбие беру жүйесін жаңғыртуға қатысты идеялармен қамтылған, – деді А.Нұрғазиев олармен жеке-жеке таныстыра. – Олардың ішінде ең тұғырлысы «Окно в мир» жобасы дер едім. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың Интернет жүйесіне қосылуына жол ашып, сол арқылы оқу материалдарын еркін игеруіне көмектеседі.

Сөз орайы келгенде айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 690 бала үйде білім алады. Олардың жартысынан астамы ғана (366) Интернет қызметіне қол жеткізген. Бұл балалар үшін қашықтан оқытатын 121 тьютор нақтыланған. Жалпы, осындай мүмкіндігі шектеулі 98 балаға компьютермен жұмыс істеу кері әсер ететіні, ал 170-ке тарта бала бұл заманауи техникаға мүлде қол жеткізе алмай отырғаны белгілі болып отыр. Сондықтан білім басқармасының бүгінгі таңдағы ең басты мақсатының бірі осы мәселені оңымен шешу болуда.

Журналистерге осындай жаңа технологиялардың пайдаланылу жәйттарын айтып өткен А.Нұрғазиев «Қазақстандық жол», «Мейірім», «Түлек», «Шығыс Қазақстан – жетімдері жоқ аумақ», «Smart-білім» және «Полициямен жұмыс істейтін отрядтар» сынды жобаларға нақтылай тоқталды. Мәселен, осылардың ішіндегі «Қазақстандық жол» жобасы қазақстандық жаңа ұрпақ тәрбиелеуді қалыптастыру бағытындағы тәрбие жұмысын жүйелеуге негізделсе, осынау жобадан туындайтын «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын насихаттауға бағытталған облыстық семинарға 62 мектеп қатысқан екен. Ал «Түлек» жобасы өңіріміздің 1980 жылдардан бергі түлектерін қамтып отыр.

Ғафура Сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

райгуль | 5 ақпан 2016 12:12
Қашықтан өтетін олимпиада қашан болады? Бұл сұрақтың жауабын қайдан көруге болады?
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар