«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде

(Дауыстар: 1)
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде

Бородулиха ауданында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ауқымды көлемде өтіп жатыр. Оның кең көлемде өтіп жатқандығын тұрғындардың белсенділігі айырықша орын алатын ірі елді мекендер Бородулиха, Жаңа Шүлбі, Новопокровка ауылдары және Жезкент кентінде айқын танылып отыр.

Биылғы жыл 1944 жылы Белағаш ауданының тартылып, оның орнына Жаңа Шүлбі, Жаңасемей және Бородулиха аудандарының құрылғанына 70 жыл толуымен ерекшеленді. Кейін аталған аудандар Егемендік жылдары қосылып, Бородулиха атауын иеленді. Белағаштың толқымалы да, жасампаз тарихының 70 жыл толуының мерекеленуі Бородулиха аудандық орталық кітапханасының қызметкерлерінің кітап көрмелерінен бастау алды. Онда қазір орыс және қазақ тілдерінде жергілікті қаламгерлер С.Тәбәрікұлының, Е.Асылбектің, Т.Рымжановтың, С.Машақовтың, Ә-С. Әліәкбардың т.б. әр жылдарда жарық көрген туындылары жұрт назарына ұсынылып отыр.

Бородулиха, Жаңа Шүлбі, Новопокровка ауылдарының кітапханаларда 1990 ортасы мен 2014 жылға дейін қазақ тіліндегі түрлі саладағы әдебиеттермен, балаларға арналған кітаптармен толықтыру жақсы жолға қойылса, жекеменшікке, яғни "Қазақмыс" коррорациясына қарайтын Жезкент кентік орталық кітапханасы кітап қоры тәуелсіздік алған 23 жылдан бері қазақ тіліндегі кітаптармен әлі күнге толықпай отыр. Осы жағдай таяуда Жезкентте өткен "Мәңгілік Ел" дөңгелек үстелінде кент әкімі тарапынан қынжыла сөз етілген еді. Енді осы мәселе аудан әкімшілігінің қарауына алынып, жергілікті газетте Жезкент кентік орталық кітапханасы қазақ тіліндегі әр саладағы әдебиеттермен, балаларға арналған кітаптармен толықтыру мақсатымен «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын "Аудан тынысы" жарияланды. Бұл акция Әз Науырыздың 23 бастау алып, сәуірдің 23 дейін жалғасады. Акция аяқталған күні аудандық мәдениет үйінде «Тұрғындар сыйы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, белсене қатысушыларға алғысхаттар табыс етіледі. Осы уақытқа дейін Бородулиха бойынша жыл сайын өтетін "Кітап сыйла" акциясына көптеген азаматтар саналықпен атсалысқан болатын. Солардың ішінде, екі жанды бөліп атап көрсеткен ләзім. Оның бірі – Бородулиха аудандық "Қарбай" мешітінің имамы Әріпжан Қожанұлы және екіншісі – Бородулиха ауданының тұрғыны Татяьяна Еншиналар.

Бұдан кейін келіп түскен барша кітап Жезкент кентік орталық кітапханасына берілетін болады.

Бұдан бөлек орыс және қазақ тіліндегі көркем кітаптар және детективтік, фантастика ромадарды жұрт арасынан жинау науқаны Бородулиха, Жаңа Шүлбі, Новопокровка ауылдарында өтіп жатыр. Осы бағытта Жаңа Шүлбі кітапханасының кітапханашылары Л.С.Цвенгер, Е.В.Баднерлер өзгелерге өнеге болып отыр. Осындай іске бастамашы болған Бородулиха аудандық орталық кітапханасының директоры Татьяна Бычковская мен Бородулиха аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралғазы Байжановқа жұрттың ризашылық сезімі зор.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Мәдениет | Кілт сөдер: кітапхана

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар