Семей мектеп оқушыларының арасында педагогика және психологиядан олимпиада өтті

(Дауыстар: 1)
Семей мектеп оқушыларының арасында педагогика және психологиядан олимпиада өтті

15 наурыз күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Педагогика» кафедрасының мұрындық болуымен мектеп оқушыларына арналған педагогика және психологиядан аймақтық олимпиада өтті.

Мақсат – оқушылардың педагогика теориясы мен практикасы саласындағы білімдері мен түсініктерін анықтау, кеңейту, педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықтарын ояту.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін олимпиадаға өткен жылы 20 өрен қатысса, биыл қала және қала маңындағы шағын ауылдардан 26-ға жуық оқушы қатысты. Оның 16-сы қазақ, 12-сі орыс тілді жалпы орта білім беретін мектептер. Бұл дегеніміз, жыл өткен сайын бiлiмдi ұрпақтың қатары көбейгендiгiн дәлелдесе керек.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде ең алғашқы болып сөз алған университеттің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Искакова Гүлнар Қожағұлқызы білімпаз оқушыларға ақ жол тілеп, игі тілегін жеткізді.

Олимпиадада мектеп оқушылары 4 кезең бойынша сайысқа түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар «Мектепте педагогикалық үрдістің негізгі компоненттері – мұғалім мен оқушы» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын көрсетті. Екінші кезеңде команда капитандары өзара сынға түссе, үшінші кезең оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында педагогикалық сөзжұмбақ шешуге бағытталды. Ал, соңғы кезеңде олимпиадаға қатысушылар психологиядан эссе жазудан жарысты.

М.З.Жанбөбекова, «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі:

- Оқушылардың аймақтық олимпиадада көресетіп жатқан дайындықтары, олардың алтын ұя - мектептеріндегі оқу , тәрбие процесіне байланысты дайындаған көріністерінің барлығы білім беру, ағарту істеріне қосқан үлестері деп білемін. Олимпиадаға қатысушылар оқу жүйесіне байланысты инновациялық технологияларды пайдалану, педагогикалық ситуацияларды шешу мәселелеріне қатысты қойылымдар арқылы оқушылардың білім алуға деген құштарлықтарын көріп, тамсанып жатырмыз.

Педагогика және психологиядан өткен аймақтық олимпиадаға қатысушылардың арасында «Жас ұлан» ерлер лицейінің тәрбиеленушісі, «Жас ұлан» командасының мүшесі Жолдыбалин Мирас та бар. Осы уақытқа дейін тек қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша білім бәсекесіне қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген Мирас педагогика және психологиядан алғашқы рет бағын сынауға келіпті. Оның айтуынша, мұндай олимпиада мол тәжірибе жинақтап, оқушының білім қоржынын кеңейтіп, оқу мен ғылымға деген ынтасын арттыра түседі.

Иә, жүзден жүйрiк танылар білім додасында қатарластарынан оқ бойы озық тұру оңай шаруа емес. Дегенмен, шын талант қай кезде де бiлiмi мен өресiнiң кеңдігін дәлелдейдi.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар