Мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдауда бақылаушылар қатысатын болады

(Дауыстар: 1)
Мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдауда бақылаушылар қатысатын болады

Мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдайтын конкурстарға бұдан былай БАҚ өкілдері, депутаттар, қоғамдық бірлестіктің мүшелері бақылаушылар ретінде қатыса алады. Ал әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысы жыл аяғында жеке бағаланатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов мәлімдеді.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға 2013 жылдың 26-наурызында енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес конкурстар барынша әділ де ашық өтуі үшін агенттік тарапынан бақылаушылар институты құрылған. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 1-наурызынан бастап, мемлекеттік қызметке қабылдауға бірталай өзгерістер енгізіліп отыр.

– Мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, 99 пайызы Б корпусына жатқызылады. Басты өзгеріс – 1-наурыздан бастап әр азамат өз өтінішін тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркей алады. Екіншіден, ауылды жерлердегі қызметшілер бұрынғыдай сегіз заң емес, алты заң бойынша тест тапсырады. Бұл үлкен жеңілдік дер едім. Үшіншіден, агенттіктің бекіткен критерийлері бойынша жыл соңында біз қызметшілердің жұмыстарын бағалайтын боламыз. Егер онда қызметкер екі жыл қатарынан теріс баға алса, қайта аттестациялауға жіберіледі. Бұрын қызметші әр үш жылда міндетті түрде аттестациялауға жататын, қазір бұл талап алынып тасталған. Ал жұмысы жоғары бағаланған қызметкерлерге ынталандыру шаралары қарастырылатын болады, – деді брифинг барысында департамент басшысы.

Тоқтамыс Жұмағұловтың айтуынша, агенттіктің жұмысындағы басым бағыт-тардың тағы бірі – бақылауды күшейту. Бұдан былай тәртіптік кеңес тек лауазымды тұлғалардың ғана істерін қарайтын болады, оған басшы қызметтегілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кірмек. Өткен жылы департамент 176 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 270 заңбұзушылықты әшкерелеген. Тәртіптік кеңесте анықталған 39 заңбұзушылықтың 34-і сыбайлас жемқорлықпен байланысты болған. Заң бұзғандардың барлығы қатаң жауапқа тартылған, олардың арасында қызметімен қош айтысқандар да бар.

Алдағы уақытта мемлекеттік органдарға этика жөніндегі кеңесші енгізу қарастырылуда екен. Бұл институттың басты мақсаты – этикалық және сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңбұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілерге қызмет этикасы және жемқорлыққа қарсы сауалдарға қатысты кеңес беру болып табылады.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар