Үржарда кәсіпкерлік өркендеп келеді

(Дауыстар: 1)
Үржарда кәсіпкерлік өркендеп келеді

ҚР Президенті биылғы Жолдауында шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, кәсіпкерлік саласының еңбеккерлерін жан-жақты қолдау шараларын іске асыруды міндеттегені белгілі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, Елбасының осы жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялағаны мәлім. Мемлекет басшысы бизнес жүргізу үшін қажетті жағдайды жақсарту, қолға алынған бағдарламалардың тиімділігін арттыру мақсатында Үкіметке бірқатар нақты шараларды да тапсырды.

– Қазіргі кезде мемлекет тарапынан ауылды жерлерде жеке ісін ашамын деушілерді қолдау, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарын дамыту мақсатында «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Жұмыспен қамту -2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Сыбаға» сынды бағдарламалар кеңінен қолданылуда. Бүгінде өңір жұртшылығы кәсіпкерлікпен кеңінен шұғылдана бастады. Бірнеше ай оқып, бизнесті қалай жүргізу, кәсіпкерлікпен нақты тұрақты қалай айналысу жолдарын көптеген отбасылар үйреніп қалды. Инвестициялық жобаларды Индустрияландыру картасына енгізудің маңыздылығы туралы кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, – дейді Үржар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айгүл Данабекова.

Үржар ауданынан Индустрияландыру картасына «Алакөл жағалауында шипажай кешенін салу» жобасы енген болатын, жобаны орындаушы – «Бұғаз» ЖШС. Аталған жоба Алакөл жағалауын нығайту мәселесі шешімін тапқанға дейін тоқтатылған. «Бәтуа» ЖШС-нің құны 745 млн. теңге болатын «Пластик құбыр шығару» инвестициялық жобасы облыс әкімдігінде мақұлданды, енді Үкіметте қарастырылуда.

Сонымен қатар, аудандық үйлестіру кеңесінде бірқатар инвестициялық жоба қаралды, атап айтқанда, «Ақберлі» ЖШС-нің құны 160 млн. теңге болатын қымыз өндіру, «Бәкей» шаруа қожалығының құны 355,6 млн. теңге болатын бордақылау алаңын ашу, «Алғабас» ЖШС-нің құны 142 млн. теңге болатын бордақылау алаңын және ұрықтандыру пунктін қайта жаңарту, «Еламан» шаруа қожалығының 410 млн. теңгелік мың бас ірі қараға арналған репродуктор, 400 басқа арналған бордақылау және мал сою кешенін салу бойынша инвестициялық жобалары.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алуға өтініш берген кәсіпкерлер де көп. Айталық, У.Ақпекова газоблок цехын кеңейту үшін 30 млн. теңге, Е.Ақажанов шұжық цехын ашу үшін 60 млн. теңге, Н.Бейсенбаев жиһаз цехын кеңейту үшін 25 млн. теңге несие алуды көздеп отыр.

Осы жылы «Өндіріс-2020» бағдарламасы аясында шұжық өндірумен айналысатын «Швабские колбаски» ЖШС-нің заманауи қондырғылар алу инвестициялық жобасы «Темірбанк» филиалы арқылы қарастырылып, жалпы құны 30 млн. теңге несие алды.

Бейсенғазы Ұлықбек
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Экономика | Кілт сөдер: кәсіпкерлік

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар