Тұғырнамадағы әлеуметтік мәселелерге айрықша мән беріледі

(Дауыстар: 1)
Тұғырнамадағы әлеуметтік мәселелерге айрықша мән беріледі

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов өткізген Үкімет мәжілісінде «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру қорытындылары туралы мәселе қаралды. Үкімет мәжілісіне селекторлық режимде ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек баяндама жасады. Ол биыл құрылғанына 15 жыл толып отырған жетекші партияның осы уақыт аралығында халықпен бірге ұлан-ғайыр игілікті істерді атқарғандығына кеңінен тоқталды.

– Біз орталық және жергілікті жерлердегі мемлекеттік органдардың жұмысын қадағалауды Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы мен мәслихат депутаттары тарапынан күшейтуді жоспарлап отырмыз. Осы мақсатпен партиялық сарапшылар тобына Парламенттегі партия фракциясының барлық депутаттары мен облыстық мәслихат фракциялары депутаттарының жартысына жуығы кіргізіліп отыр, – деп атап өтті Б.Байбек.

Оның айтуынша, партия Көшбасшысының тапсырмасы негізінде аталған сарапшылар тобының жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін оның қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері көптеп қатыстырылмақ.

Тұғырнамада қамтылған жиыны он екі бағытқа орай Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.Оспанов нақты атқарылған шаруаларды баяндады. Ал аймақтардан Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері есепті баяндама жасады.

Шығыс Қазақстан әкімі Бердібек Сапарбаевтың Премьер-Министрге баян еткеніндей, өңірде халықтың тұрмысын жақсартуға, қоғамдағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған партияның тұғырнамасы әрдайым басты назарға алынып келеді. Қазіргі кезде қабылданған тиісті іс-шараларға сәйкес барлық межеленген шаруалар толығымен орындалуда. Барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық басқармалар басшылары халық алдында осы тұғырнаманың 12 бағытының жүзеге асырылуы бойынша үнемі есеп беріп тұрады.

Ең бастысы, экономиканың даму қарқынын төмендетпеу қажет.

– «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес өңірде былтыр жалпы ішкі өнімнің өсуі 6 пайызды құрады. Индустрияландыру картасына енген жобалардың арқасында аймақта сегіз мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Шағын және орта бизнесті қолдау бағытында өткен жылы «Нұр Отан» партиясымен, Көлік және коммуникациялар министрлігімен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе қанатқақты жобалар қолға алынып, кедергілер жойылып, керек емес анықтамалар алынып тасталды және олардың берілу мерзімдері мейлінше азайтылды. Білім саласы бойынша берілген тапсырма үш ауысымда оқитын апатты жағдайдағы мектептердің санын азайту болса, қазіргі кезде облыста үш ауысымда білім беретін білім ошағы жоқ. Апатты жағдайдағы мектептер саны барынша азайды, онда оқитын балалардың саны екі пайызды құрайды. Келер жылы толығымен жойылатын болады, - деді ШҚО әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, облыста балаларды ыстық тамақпен қамту 100 пайызды құрап отыр. Балалардың 62 пайызы тегін ауқаттанады. Соңғы үш жылдан бері мектеп оқушыларына тегін бал беріліп келсе, биылдан бастап сүт те тегін берілуде. Балаларды балабақшамен қамту 97 пайыз болса, келер жылы бұл көрсеткіш жүз пайыз болмақ.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бойынша биылдың өзінде ғана қосымша 500 жұмыс орны ашылған. Бүгінге дейін өңірдегі жұмысқа жарамды кембағал жандардың жартысына жуығы тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл игілікті шаруа әрі қарай да жалғасын табады.

Былтыр жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құраған, орташа жалақы 90 мың теңге болған. Аз қамтылған отбасылар саны өткен жылы 2012 жылмен салыстырғанда 8 пайызға кеміген. Инфляция былтыр 4,8 пайыз болып қалыптасқан.

Облыстың денсаулық сақтау саласында назарға алар басты мәселе – ана мен бала өлімі көрсеткішін, туберкулезбен, онкологиялық аурулармен ауыратындар санын төмендету. Бұл мақсаттағы кешенді жұмыстар тұрақты жалғасын табатын болады.
Мемлекеттік тілді меңгеруге тоқталар болсақ, өңірде 11 мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде мемлекеттік тілді меңгергендер саны артып келеді. Аталмыш орталықтар қалалар мен аудандарда да ашылып, жұмыстарын жолға қойған.

– Партияның сайлауалды тұғырнамасын-да алға қойылған міндеттер мерзімінде орындалуда. Олардың орындалуын барлық жергілікті атқарушы органдар тұрақты бақылауға алған, – деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

Үкімет мәжілісінде салалық министрлер тарапынан тұғырнамада айтылғандарға қатысты бірқатар ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды. Премьер-Министр өз кезегінде бұл айтылғандардың бәрі де назарға алынатындығын атады.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Саясат | Кілт сөдер: шқо әкімі, Нұр Отан

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар