Бородулиха ауданында Наурыз мерекесін тойлап жатыр

(Дауыстар: 1)
Бородулиха ауданында Наурыз мерекесін тойлап жатыр

ШҚО Бородулиха ауданында да Наурыздың тойлануы 7 күнге созылып, таңды қазақ әні және жыры ашып, аудандық мәдениет үйінен алаштың рухы еседі.

17 наурыз күні "Қамқорлық күнін" Бородулиха аудандық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі өткізсе, 18 наурыз күні "Жаңару күнін" ауданда Бородулиха аудандық балалардың «Шығармашылық үйі» өткізді.

Қашанда кембағал жандарға қолұшын созуға бейім тұратын ұйым қызметкерлері жадыраған Наурызда өтетін шуақты мезетке жап-жақсы дайындалып, мүгедек балаларға "Асық ату", "Кім күшті?", "Тартыспақ" сияқты ұлттық ойындарын ойнатып, арнайы ат артып келген Қыдыр ата барша жұртты құттықтады.

Бородулиха ауданында Наурыз мерекесін тойлап жатырБородулиха ауданында Наурыз мерекесін тойлап жатыр

Іс-шара соңынан наурыз көже берілді.

Бородулиха аудандық балалардың «Шығармашылық үйі» өз мекемелерінің алдына қазақи дәстүрмен кигіз үй тігіп, "Наурыз құт берекем" атты мерекелік іс-шара өткізді. Бородулиха ауданының әкімі Г.Акулов, аудандық мәслихаттың хатшысы У.Майжанов, Бородулиха ауданының бас имамы Ә.Қожанұлдары шын жүректен жиналған қауымды Ұлыстың Ұлы Күнімен құттықтап, кейін концерттік нөмірлер орындалып, ұлттық дәстүрге сай безендірілген кигіз үйдің ішінде қазақы дәстүрмен ас берілді.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Қоғам | Кілт сөдер: наурыз мейрамы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар