Өскеменде «Өніс» күні 16 бала дүниеге келді

(Дауыстар: 1)
Өскеменде «Өніс» күні 16 бала дүниеге келді

Шығыс Қазақстанда биыл Наурыз мейрамы жеті күн қатарынан тойлануы көпшілікті қуантып жатыр. Бірінші күн – «Өніс», яғни, бұл күн барлық өңірлерде аналар мен нәрестелерді құттықтауға арналды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Риддер қаласында да Наурыз мерекесі «Өніс» күнінен басталды. Осыған орай қала басшылығы мен аурухананың бас дәрігері Г.Кітапбаева перзентхана бөліміне кіріп, дүниеге келген сәбилерге «бауы берік болсын!» айтысты. Дүниеге нәресте әкелген бес анаға сыйлық пен құттықтау хат табыс етті.

Дәл осындай игі шара басқа да аудандарда өтті. Мәселен, Шемонайха ауданының әкімі Амангелді Тоқтаров өз өңірінде дүниеге сәби әкелген алты ана мен өмірге келген нәрестелерге жүрекжарды тілегін айтып, құттықтады.

Ал Өскемен қаласында «Өніс» күні 16 бала өмірге келсе, олардың оны – қыз, алтауы – ұл. Бұл – іңгәлап дүние есігін ашқан нәрестелер үшін де, сәбилі болған әр отбасы үшін де қуанышты күн Ұлыстың алғашқы күні өмірге келген сәбилердің ғұмыры ұзақ, болашақтары жарқын болғай!

Мерей Қайнарұлы
сурет: ШҚО ақпараттық орталығы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: наурыз мейрамы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар