Интерактивті көрме Семеде көпшіліктің көңілінен шықты

(Дауыстар: 1)
Интерактивті көрме Семеде көпшіліктің көңілінен шықты

Семейдегі балалар мен жастар шығармашылығы сарайында Назарбаев орталығы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – Назарбаевтың қазақстандық жолы» интерактивті көрмесін ұсынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Онда «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы» және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Президент қызметінің жылнамасы» атты интерактивті стендтер, Назарбаев орталығы баспа үйі кітаптарының аудио нұсқалары мен Елбасы туралы 3D фильмдерінің мультимедиялық бұрышы, Назарбаев орталығы қызметін көрсететін touch-үстел, «Елбасының өмірбаяны – елдің ғұмырнамасы» 3D панорамасы қамтылған.

Көрмені Семей қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж оқушылары тамашалады. Сондайақ, шығармашыл жастар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары мен Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын қамтыған сұрақ-жауап түріндегі «Мәңгілік ел» байқауына қатысты.

Кездесу Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен Мемлекет басшысының қызметі жайындағы деректі фильмдерді тамашалаумен қорытындыланды. Кездесуді ашқан Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева танымдылығы мен тағылымы ерекше шараға келгендерді көрменің өтуімен құттықтады.

– Бұл көрме қала тұрғындарына, әсіресе, жастарға «Мәңгілік ел» идеясымен терең танысуға зор мүмкіндік береді. Қазақстанның ең басты дәулеті де, байлығы да – ұлтаралық және конфессияаралық келісім. Біздің елімізде ішкі саяси тұрақтылық бар. Осы құндылығымызды сақтау – басты міндетіміз. Біздің жастар «Мәңгілік ел» идеясы мен Президенттің Жолдауы бойынша өз білімдерін көрсетіп, одан сүрінбей өтеді деп ойлаймын, – деді З.Исабаева.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар