Қамқорлық күні Семейде нағыз мейірім сыйлады

(Дауыстар: 1)
Қамқорлық күні Семейде нағыз мейірім сыйлады

Семейге әз Наурыз күн жылынуымен, жер жібуімен жетті десек, жыл құсындай жылы хабар әкелгендігіміз. Наурыздың екінші күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология факультеті тамаша жиын ұйымдастырды. Бұның үлкенге де, кішіге де тәрбиелік мәні болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Наурыз күндері жастар бас қосып, филология факультеттерінің ақын жігіттері өздерінің жыр-жинақтарын қалың қауым назарына ұсынды. Университеттің 4 курс студенттері Дәулет Ерланның «Ақ боз үй» және Ардабек Ақбабаұлының «Көкжалдың көз жасы» атты кітаптарының тұсаукесері наурыз айына тұспа-тұс келді. Әдеби-сазды кешке алғы сөз айтып, қос дүлдүлді алғашқы тырнақалды туындыларымен құттықтаған факультет деканы Айбар Қабыкенұлы жастардың жақсы бастамасы құптарлық екендігін айтты. Игі бастаманы қолға алып, жас ақындарға қолдау көрсетіп жүрген қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы Мұрат Иманжапаровтың еңбегі зор десті, мерекеге жиналған студенттер. Университет ұжымының наурыздағы бас қосуын, осыдан екі жыл бұрын «Көктемдегі көлеңке» атты жинағын шығарған, кеше ғана «Шабыттың» бас жүлдесін қанжығасына байлаған Қиықбай Қуат жүргізіп, қазақтың марқасқа Махамбеті мен ақиық Мұқағалиынан үлгі алып, алғашқы басылымдарын шығарған жастарға шығармашылық шабыт тіледі. Жиылған жұрттың сұраулары бойынша ақындардың әр түрлі тақырыпта жазылған өлеңдері оқылып, жырдан шашу шашылды. Соңынан қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Айман Ақтанова қазақы табиғаты кең, ұлтжанды, дүлдүл жігіттердің поэзияларының көркемдік ерекшелік жағынан талдап айтып берді.

Қамқорлық күні Семейде нағыз мейірім сыйлады

Наурыздағы Қамқорлық күні аясында өткен Семейдегі игілікті шаралардың бірі «Жас Отан» жастар қанаты мен Шәкәрім атындағы университеттің студент-жастары бірігіп, «F-16» шарасын өткізді.

- Бұл мереке автомобильді жақсы көретін біз сияқты жастар үшін қызықты болды,-деді аталмыш университеттің студенттері Ғалым Нұралы, Мира Бекболовалар, - ақындар жиынына қатыстық, олардың өлеңдерін тыңдадық. Балалар үйіне қамқорлық көрсеттік. Ал мына көлік түрлерін тану арқылы, оны қалай басқару арқылы біз күні-түні компьютердің алдына отырып алып, өмірін босқа өткізетін жастарды табиғатқа, далаға шығуға мүмкіндік жасадық. Наурыздың Қамқорлық күні біз үшін нағыз мейірлі мереке болды.

- Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы,-деді Мейрам Алмасбеков, - Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі». Мағжан Жұмабаевтың айтуынша, «Қазақ Жаңа жылы – жазғытұрғы күн мен түннің теңелген күні (22 март) болады. Жаңа жылдың ер-теңіне жарық, жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл реттен қазақ Жаңа жылы ғылым қойнына да басып кіріп қалады. Қазақ Жаңа жылын «Наурыз» дейді. Наурыз әулиенің, әнбиенің аты болмаса керек. Сондықтан, қазақтың Наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл, адамдармен ұйымдастыратын мейрам ету керек екен. Олай бола ғылым ордасы ретінде Шәкәрім универитеті бірқатар игілікті істерге атсалысып, ұйымдастырып жатыр. Бұл үшін ректорымыз Шәріпбек Әмірбековке ризашылығымыз шексіз.

Қамқорлық күні Семейде нағыз мейірім сыйлады

Сондай-ақ, Қамқорлық күні аясында баспасөз мәслихаты өтіп, оған қатысқан «Наурызнама» кітабының авторы, этнограф-жазушы Молдабек Жанболатов Қамқорлық күні береке-бірлік мейрамы, жастарға үлгі-насихат күні деді. Оның айтуынша Наурызды көне дәстүрдегідей тіпті бір ай атап өтсе де артықшылық етпейді. Себебі бұл бізідң ұлттық тіліміз, дініміз бен салт-дәстүріміздің жаңғырған мерекесі.

Раушан Нұғманбекова
суреттер автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам | Кілт сөдер: наурыз мейрамы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар