Асыл тұқымды мал шаруашылықтары көбейіп келеді

(Дауыстар: 1)
Асыл тұқымды мал шаруашылықтары көбейіп келеді

Қазір Шығыс Қазақстан облысында 269 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Басым бөлігі ірі қара мен қой өсіріп жатыр. 55 шаруашылық асыл тұқымды жылқы, 52 шаруашылық ара, он шаруашылық марал мен бұғы басын көбейтіп келеді. Асыл тұқымды құс, шошқа, ешкі санын көбейтумен айналысып отырған шаруашылықтар да жоқ емес, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агро-өнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды орындауға орай өткізген жиынында алдағы уақытта аймақтың агросекторында егін түсімін молайту, фитосанитарлық талаптарды сақтау, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес шараларын арттырумен бірге етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара санын одан әрі көбейту көзделініп отырғаны да айтылды.

Аумақтық инспекция басшысының орынбасары Қуаныш Сейтқазиннің айтуынша, облыста асыл тұқымды шаруашылықтар әсіресе, Абай, Ұлан аудандарында көбейіп келеді. Асыл тұқымды ірі қара саны Шемонайха мен Бородулиха ауданында, қой басы Абай, Жарма аудандарында, жылқы Абай, Ұлан аудандарында біршама көбейген. Катонқарағай мен Күршім ауданында асыл тұқымды ара, марал ұстаған шаруашылықтар саны артып отыр.

Асыл тұқымды ірі қара облыстағы барлық малдың 6,6 пайызын, жылқы 7,3 пайызды құрайды. 55 асыл тұқымды жылқы шаруашылықтарында негізінен қазақтың жабы жылқысы өсіріліп жатса, 78 асыл тұқымды ірі қара шаруашылықтарында сүтті бағыттағы симменталь тұқымы, етті бағыттағы қазақтың ақ бас сиырлары, әулиекөл, ангус, герефорд тұқымдары бағылуда.

Қазақстанда ет экспортын көбейту мақсатында жүзеге асырылып жатқан етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қараларды молайту бағдарламасы аясында соңғы үш жылда АҚШ, Канада, Франция, Австралия, Ирландия елдерінен аудандардағы шаруа қожалықтарына ангус, герефорд, шароле тұқымды 3202 бас ірі қара әкелінген.

Аудандарға әкелінген асыл тұқымды ангус, герефорд малдарының тұқымын көбейте отырып, жергілікті жердегі ірі қараның генефондын өзгертіп, тұқымын, өнімділігін жақсарту көзделінуде. Қазір әлемге қаракесек етімен аты шыққан ангус пен герефордтың табыны «Алғабас» шаруа қожалығы мен «Елім-ай – Көкпекті», «Агрофирма Приречное» серіктестіктерінде бағылып жатыр.

Мемлекет басшысының алға міндет етіп қойып отырғанындай, еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бағытында аумақтық инспекция қызметінде айрықша мән беріліп отырған енді бір шаруа – егістіктерді зиянкестерден қорғап, фитосанитарлық қауіпсіздіктерді сақтау.

Өткен жылы 53,98 мың гектар егістік алқабына зиянкестерден қорғау шаралары жүргізілген. Биыл республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен 86,895 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілетін алқапқа аса қауіпті зиянкестерден қорғау шаралары жүргізіліп, өңдеуден өткізілмек. Шегіртке, өзге де зиянкестер мен өсімдіктер ауруының, арамшөптердің алдын алуға жергілікті бюджеттен де қаражат бөлінбек. Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде қауіпті зиянкестердің көлемі төмендеген.

Ауыл шаруашылығы өнімдері түсімінің артуына оларды түрлі аурулардан, зиянкестерден қорғаумен қатар, жерді тиімді пайдаланудың тигізер септігі де көп. Біздің облыста күнбағыс жыл сайын тиісті көлемнен (ғылыммен, тәжірибемен дәлелденген) 2,5 есе артық егіліп келе жатыр. Соның салдарынан күнбағыстан түсетін өнім Шығыс Қазақстан облысы бойынша белгіленген 20-25 центнердің орнына орта есеппен 5-8 центнерден ғана айналып отырған көрінеді.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар