Адамдар мен техниканың төтенше жағдайларға әзірлігі тексерілді

(Дауыстар: 1)
Адамдар мен техниканың төтенше жағдайларға әзірлігі тексерілді

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Катонқарағай ауданында болып, су тасқыны және өрт қаупі кезеңіне әзірлік барысын тексерді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде адамдар мен техниканың төтенше жағдайларға әзірлігі тексерілді. Мұнда барлығы 356 адам еңбек етеді. Орман парк ауданының 40 пайызын алып жатыр. Бұл аумақ бірегей биологиялық саналуандығымен ерекшеленеді. Катонқарағай ауданының орманшылықтарында түрлі институттар өсімдіктер мен жануарлардың сирек түрлерін сақтау жөнінен ғылыми зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар, орман шаруашылықтарының қызметкерлері экологиялық және туристік бағыттағы акцияларды ұдайы ұйымдастырып тұрады. Осы ретте аудан мектептерімен ынтымақтастық орнатылған. Парк аума-ғында сегіз экологиялық-туристік маршрут бекітілген, олардың жалпы қашықтығы 511 шақырымды құрайды.

– Біз өз аумақтарымызда тұрақты бақылау жүргізіп отырамыз, сол себепті жаппай браконьерлік бізде жоқ. Оның алдын алуға күшіміз жеткілікті. Мұнымен қоса, орманды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын 130 гектар аумаққа көшеттер отырғызылады. Биыл жоспар 48 гектарға дейін кеміген, – дейді парктің бас директоры Ерлан Мұстафин.

ШҚО әкімі ұлттық паркке Шығыстың сирек өсімдіктері мен жануарларын сақтап қалу үшін басқа орманшылықтармен күш біріктіру қажеттігін атап көрсетті. Катонқарағай ауданы табиғатының бірегей екені, өз сұлулығымен көптеген туристерді тартуға қабілетті екені де айтылды. Қызмет көрсетудің осы бір саласы негізгі кіріс көзіне айналуы мүмкін. Алайда соңғы кездерге дейін аудан комиссия қарауына Индустрияландыру картасына енетін бірде-бір жоба ұсынған емес.

– Сіздердің аудандарыңызда туризмді дамыту қажет екені бірнеше мәрте айтылды. Бұл үшін инфрақұрылымға қаржы құю қажет. Сіздер, яғни орман шаруашылықтарының қызметкерлері кәсіпкерлерге осы бағытта қандай мүмкіндіктер бар екенін айтуларыңыз керек. Көп адам туристік бизнеспен айналысқысы келеді, бірақ олар біздің көрікті жерлер туралы біле бермейді, – деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, ШҚО әкімі тиісті ведомство басшыларымен бірге аудандағы тау көлдерін тікұшақпен шолып, Еңбек ауылының маңайындағы Бұқтырма өзенінің жағдайын бағамдады. Өткен жылы жойқын әрі ұзаққа созылған тасқын ауыл жанындағы дамбаны шайып кеткен болатын.

– Бұқтырма – қашан таситынын болжап болмайтын өзен, өйткені, оның тұрақты сағасы жоқ. Тасқын кезеңінде өзен, әсіресе, оның Барлық ауылынан Коробиха ауылына дейінгі тұсы үнемі ерекше бақылауда. Қазір екі кішкентай мұз кептелісі бар, ол жерлерде су мұз үстімен жол тауып ағып жатыр. Ал ағыстың төменгі жағында өзен ашық. Осы жылы жауын-шашынның былтырғыдай көп емес екенін ескерсек, айтарлықтай ауыртпашылық болмауы тиіс, – дейді аудан әкімінің орынбасары Жанболат Тыныбеков.

Тамызға дейін су деңгейі 240 см. белгісінде тұрды, қауіпті деңгей – 300 см. Осы жылы Бұқтырма республикалық жолға жақындап келеді. Аудан күшімен жолды көктемгі тасқыннан қорғауы тиіс дамба бекітілді. Бұдан басқа да жұмыстар жоспарланған.

– Бұл біз үшін – күрделі учаскелердің бірі. Қазір тасжолды қауіпсіздендіру үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Жаңа дамба салынатын болады, өзен жағасы нығайтылып, сағасы түзетіледі. Құжаттар келісілу үстінде. Күзде өзен суы азайғанда жұмыстарды бастап кетпекпіз. Алдын ала болжам бойынша оның сомасы 56 миллион теңгені құрап отыр, бірақ ол өсуі де мүмкін. Себебі, тасты топырақ, жарылыс жұмыстарын жүргізу қажет болады, бұл тиісінше жобаның қымбаттауына әкеліп соғады, – дейді Катонқарағай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Станислав Гаврилов.

Екінші тасқын қаупі бар аумақ – Сенное ауылы. Мұнда еріген су көшелерді басып кетпеуі үшін жағаны күшейту керек. 2009 жылдан бері мұндай проблемалар бірқатар елді мекендерде, атап айтсақ, Коробиха, Печи, Қайыңды, Ақмарал ауылдарында шешілген болатын.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар