Қандастарымыз қазақ тілді орта қалыптастыруда

(Дауыстар: 1)
Қандастарымыз қазақ тілді орта қалыптастыруда

ШҚО Бородулиха ауданында орысшасы Переменовка, қазақша атауы Өткелді аталатын ауылда қазақ тілінің бағы үшін қазақ мәдениетінің өркен жаюы үшін орыс тілді ортамен аяусыз күреске түсіп жатқан азаматтар жеттерлік. Қанша жиында болып жүрміз өткелділіктер ресми тілде сөйлеген лауазымды тұлғаларға ана тілімізде сауал қойып, оған қазақ тілінде жауап беруін табандылықпен талап етеді.

Ақсуат өңірінен келген қандастарымыз ауылда қазақ тілді орта қалыптастырып қана қойған жоқ, түрлі салт-дәстүрімізді де жарқырата жаңғыртты. Мал шаруашылығын өркендетуді жолға қойып, өзге ұлттарға қарағанда баққуатты тұрып, Егемендіктің жемісін теріп отыр.

Байыдым деп шалқымай, қазақи тәубашылдығына берік жандар биылғы Әз Наурызды есте қаларлықтай өткізе білді. Ұлы Думан Переменовка, Ремки, Андроновка, Жезкент, Орловка, Михайличенко, «Березовский» көмшары ауылдарынан және Семей қаласынан жиналған қауымның басын ауылдық Мәдениет Үйінде қосып, Өткелді жерінде дүркірей өтті.

Гүлбараш Татиева әжеміз Әз Наурыздың шашуын шашты. Осы жиынға қатысқан лауазымды тұлғалардың құттықтауынан кейін Наурыз дода басталды. Ең әуелі ортаға темір білек, арыстан жүрек балауандар шығып, төрт салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты.

Нұрбол Елеусізов (50 келіде), Жанжігіт Сембеков (60 келіде) және Амангелді Нұрсұлтанов (70 келіде) қарсыластарын шақ келтірмесе, осы күрестің түйе палуаны атағын да Амангелді Нұрсұлтанов бауырымыз жеңіп алды.

Қандастарымыз қазақ тілді орта қалыптастыруда

Осы жарыста өткелділіктер кір тасын көтеруді де Наурыз Думанның бағдарламасына енгізді. 16 және 24 келілік кір тасын көтеруден Азамат Абелдинов пен Виктор Эрдлей алдарына жан салмай, жеңімпаз атанды.

Ауыл азаматтары мен өңіріміздегі ең жас ауыл әкімі Арман Тұрлұбеков басқаратын ауыл әкімішілігі тізе қосып, ұйымдастырған 9 шақырымдық Тай жарысында Рамиль Балтабаевтың сәйгүлігі топ жарып келсе, оның ізін ала өткен 7 шақырымдық Жорға жарысында Қайрат Дюсетаевтың маңмаңкері шашасына шаң жұқтырмай иелері қалы кілемді қанжығаларына байлады, ал, ең соңғынан 12 шақырымдық Аламан бәйгеде Серік Қамбаровтың тұлпары басқа жүйріктерді шаң қаптырып, жеке дара келіп, ат иесі кубокты иеленіп, Бородулиха аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Александр Бычковскийдің қолынан ақшалай сыйлықпен сияпатталды.

Бәйге соңында біз сөзге тартқан еланасы Үмітханым Жабайханқызы "Осы көктемде бұл дәстүрді қолға алған ауылымыздың жас шабандозы, жылқы малын ерекше пір тұтатын Абельдинов Азамат ерекше белсенділік көрсетті. Оругтегі үлкен, шағын шаруа қожалықтарына және жеке меншік кәсіпкерлерге осы мерекеге ат салысып қаржылай көмек көрсеткендері үшін әкімшілік, ауыл тұрғындары атынан алғыс білдіреміз" деп өз ойын алға тартты.

Осылайша, Ақ түйенің қарны жарылған бұл күні жақын орналасқан Переменовка, Ремки, Андроновка, Жезкент, Орловка, Михайличенко, «Березовский» көмшарлары бірігіп, бірлесіп өткізген Наурыз мерекесі ел есінде қаларлықтай дүркіреп өтті.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Қоғам | Кілт сөдер: қазақ тілі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар