«Алтай жұлдыздары» атты дарынды жастар байқауы өтті

(Дауыстар: 1)
«Алтай жұлдыздары» атты дарынды жастар байқауы өтті

Наурыздың 27-28-і күндері Семей сахнасында жас өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп бақты. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы және М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің ұйымдастыруымен өткен «Алтай жұлдыздары» II облыстық дарынды жастар байқауы екінші мәрте өз шымылдығын түріп отыр. Алғашқы байқау 2012 жылы облыс төрінде болған-ды. Осынау игі бастамаға мұрындық болған ШҚО әкімі Б.Сапарбаев екенін атап өткен жөн шығар.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының кәсіби және техникалық бөлімінің бас маманы Искакова Гулмира Мамырбекқызының айтуынша, аймақ басшысының тапсырмасымен «Алтай жұлдыздары» дәстүрлі түрде 2 жылда бір мәрте өтіп тұрмақ. 2012 жылы өткен байқауда оза шауып, жүлделі орынға ие болған 22 жеңімпаз тегін оқуға түскен екен.

Жастар арасында дарын иелерін анықтау және оларға қолдау көрсету - бұл байқаудың басты мақсаты болып табылды. «Халық аспаптары», «вокал», «хореография» номинациялары бойынша қалалар мен аудандардан келген 300-ден аса қатысушы сайысқа түскен бұл байқаудың қазылары құрамында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері және алдыңғы қатарлы оқытушылары болды.

Ән атасы атанған Әміреден бастап, бұлбұл дауысты Бибігүл, халқының мақтанышына айналған Роза, өнерді өмірінің қазығы еткен ән дүлдүлдері Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбанов, Келденбай Өлмесеков, Секен Тұрысбеков, Тұрсынғазы Рахимов сынды қазақ өнерінің тарихында өзіндік қолтаңбалары бар біртуарлардың ізбасарларын саралайтын, шоқтығы биік жұлдыздарын даралайтын дода тұп-тура екі күнге созылды.

Күмбірлете күй төгіп, мың бұрала билеуге, сыңғырлатып ән салуға сақадай сай өрендер бірінші күннен-ақ бәйгеге түсті. Жеребе тарту бойынша жарысқа түскен қатысушылар «Аспапта орындау» және «Ән салу» номинациясы бойынша М.Төлебаев атындағы музыка училищесіне, ал «Хореография» номинациясы бойынша Қалалық мәдениет Сарайында іріктелді.

Өскемен және Семей қалаларының өнер және музыка училищелерінің гранты бәйгеге түскен жұлдызды сайыста қатысушылардың ешқайсысы бұған лайық болмай шықты. Байқау жеңімпаздарына I, II, III дәрежелі лауреаты атағы мен «Алтай жұлдыздары» байқауының белгісі тапсырылды.

Сонымен еліміздің рухани астанасы атанған, өнер мен әдебиет әлемінің алыптары туған қасиетті де киелі Семей топырағында өткізілген бірегей байқау өнер аспанында тағы бір жас қырандардың томағасын сыпырды.

Медет Демежан
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Мәдениет | Кілт сөдер: жастар байқауы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар