Жалған діни бірлестіктер жайлы айтылды

(Дауыстар: 1)
Жалған діни бірлестіктер жайлы айтылды

Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050 – қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» Стратегиясы атты өз Жолдауында «мемлекет пен азаматтар барлық радикализм, экстремизм және терроризмге қарсы бірігіп күресуі керек» екенін ерекше айтып өтті. Міне, осы бағыттағы сындарлы жұмыстар Белағаш жерінде жүріп жатыр.

ШҚО аудандарының Ақпараттық-насихаттаушы топтары (АНТ) Әлемде болып жатқан діни сойқандыққа байланысты соңғы жағдайларға байланысты тұрғындармен кездесіп, ақпараттық-түсініктеме беру жұмыстарын жүргізу үстінде. Бұл шарадан Бродулиха ауданыда тыс қалып отырған жоқ.

Біз ШҚО бойынша ірі қалалардағы діни ұйымдарды толық білсек, аудандық жерлердегіні біле бермейміз. Осы мәселе ауданының Жезкент кентінде «Металлург» мәдениет үйінде аудандық АНТ кенттегі кәсіпорын "Орловка кеншінің" жұмысшыларымен және кенттің басқа да ұйымдарының қызметкерлерімен «ҚР бүлдіргіш жалған діни бірлестіктер» тақырыбына кездесу өткізді.

Жиналған жұртшылық алдында дәстүрлі діндердер мен секталар арасындағы мылтықсыз күресті Бородулиха ауданының бас имамы Әріпжан Қожанұлы, Жезкент кенті мешітінің имамы Рамиль Рахимбаевтар және «Алматы-Семей епархиясына қарайтын «Иоано-Богословский приходының дінбасысы Роман Бобровский жан жақты сөз етті.

Кездесудің соңында тыңдаушыларға Қазақстан мен бүкіл әлемдегі терроризм мен эктремизмді және дәстүрлі емес діни ағымдар мен бүлдіргіш, жалған діни ұйымдарды дәріптейтін «Соқыр сенім» атты фильм көрсетілді.

Кездесуді Бородулиха аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Г. Гальченко қорытындылады.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар