Алматыда ең үздік дарынды журналист анықталды

(Дауыстар: 1)
Алматыда ең үздік дарынды журналист анықталды

Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында «журналистика» мамандығы бойынша «Ең дарынды болашақ журналист» атты пәндік олимпиада өтті.

Аталған байқауға еліміздің 11 жоғарғы оқу орнының ең үздік студенттері қатысты. Олимпиада ережесі бойынша, студенттер сайыстың алғашқы кезеңінде журналистика мамандығының негізгі пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап берсе, ал екінші турында «Ең үздік таныстыру», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік мақала», «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша өз біліктіліктерін көрсетті.

Олимпиада қортындысы бойынша «Шығыс Шынары» командасының жетекшісі Г.А.Бекбосынова «Үздік жетекші» номинациясын иеленсе, ал топ мүшесі Назерке Ахметованың «Өз елінің өгей адамдары» атты мақаласы «Ең үздік мақала» номинациясын жеңіп алды.

Бұл додада бірінші орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, екінші орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті иеленіп, сондай-ақ «Шығыс Шынары» командасы ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

Ажар Сағатпекова, ШҚМУ студенті
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар