Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Семейде өткізілді

(Дауыстар: 1)
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Семейде өткізілді

«Қазақстанда педагог мамандарды дайындаудың заманауи бағыттары». 28 наурыз күні еліміздегі ең іргелі оқу орындардың бірегейі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті іргесінде бастау алған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция осылай аталды.

Конференцияны Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Педагогика Жоғары мектебі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру Академиясымен, Семей қаласының білім бөлімімен, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесіп өткізді. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған конференция еліміздегі педагог мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылау, педагогтардың ғылыми-әдістемелік қызметтегі тәжірибесін дамыту, білім беру процесінде инновациялық әдістерді қолдану мәселесін қарастыру, мектепке дейінгі білім беруден бастап жоғары білім беру мекемелерінде педагог мамандардың ғылыми-зерттеу қызметін кеңейтуді мақсат етеді.

Конференция барысында Қазақстандағы білім беруді жаңғырту жағдайында педагог мамандарды дайындау, үздіксіз педагогикалық білім беру: Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік жүйесінің даму мәселесі, білім берудегі көшбасшылық: Қазақстан Республикасындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі сынды бағыттар бойынша секциялар жұмыс істеді.

Сонымен қатар, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі педагогтары «Сындарлы бағалаудың кіріктірілген үлгісі тәуелсіз оқытудың құралы ретінде», «Actionresearch: мұғалімнің зерттеушілік тәжірибесі арқылы оқыту парадигмасын өзгерту», «Lessonstudy: Тиімді әсер ету арқылы мұғалім тәжірибесін жақсарту» тақырыптарында шеберлік-сыныптарын өткізді.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Семейде өткізілді

Жалпы, конференцияға қатысу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен орта білім беретін білім ошақтары, мектепке дейінгі оқу мекемелерінен педагогтардың 200-ден астам баяндамалары тіркеліп, оның үздік деп танылғандары пленарлық мәжілісте тыңдалды. Айта кетейік, конференция жұмысына Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Екібастұз, Атырау, Қостанай, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Семей, Зайсан қалаларынан келген педагог-ғалымдар қатысты.

Пленарлық жиын Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлының алғы сөзімен басталды. Сөз барысында ректор бүгінгі жаһандану жағдайында білім беру жүйесінде зияткерлік ресурстардың дамуы үлкен мәнге ие болса, ал білім сапасы тек ішкі саясатта емес, еліміздің халықаралық деңгейдегі мәртебесін асқақтатуда жетекші құралға айналып отырғанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, конференцияда еліміздің, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу орталығы мен Педагогика Жоғары мектебінің ғылыми жетістіктері туралы жарық көрген кітаптар, басылымдар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Жібек Серғазы
суреттер автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар