Биология мен химия пәндеріне қызығушылықты қалай арттыруға болады?

(Дауыстар: 1)
Биология мен химия пәндеріне қызығушылықты қалай арттыруға болады?

Елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген функционалды сауаттылықты дамытудың жолдары мен тетіктері қандай, жалпы білім беретін мектептерде химия және биология пәндерін оқытуда қандай жаңашылдық енгізуге болады?

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінде Павлодар, Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары арасындағы ынтымақтастық меморандум негізінде химия және биология пәндерінің мұғалімдеріне арналып өткізілген өңіраралық семинарда осы және басқа да мәселелер талқыланды.

Соңғы он жылда елімізде негізінен гуманитарлық бағыттағы мамандар даярланып, химия мен жаратылыстану саласына көңіл бөлінбей келген. Ал қазір мемлекетіміздің экономикасы мен химиялық өндірісін дамыту үшін химия мен биология мамандары аса қажет. Облыстық білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының директоры Мұңлық Асанова атап өткендей, аталмыш семинарға республиканың ең үздік, озық тәжірибелі мұғалімдері жиналды. Басқосуда 65 жаңашыл ұстаз баяндама жасап, өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салды.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың доценті Жамал Игісінованың сөзіне қарағанда, жоғары оқу орындарында бұрынғыдай қос мамандық даярланбайды екен. Оқу бағдарламасында биология сағаттары өте аз. Сол себепті ЖОО-да студенттерді биология-химия, биология-жағырапия пәндері бойынша мамандандыру курстары енгізіліпті. Болашақ биологтар 1-2 курстардан бастап, далалық оқу практикаларына қатысып, зерттеу жұмыстарының тақырыптарын таңдайды. Осындай оқу бағдарламаларына қарамастан, өңіріміздің табиғаты мен жануарлар әлемін зерттеу әлі де кенже қалып жатыр. Өлкеміздің сұлу да әр алуан өсімдіктер әлемі мен құстарын зерттеген жергілікті ғалымдар саусақпен санарлықтай. Олардың қатарында К.Прокопов, Б.Щербаков сынды ғалымдарды айтуға болады.

– Функционалды сауаттылықтың басты шарты – оқушыға алған білімін күнделікті тұрмыста пайдалана білуге үйрету. Баланың өз бетімен білімін жетілдіруге жағдай туғызып, оның ақпарат көздерін еркін пайдалана алуына бағыт-бағдар беру қажет. Ол үшін білім ошақтарының химиялық зертханалармен толық жабдықталуына қол жеткізуіміз керек. Оқушы алған теориялық білімін тәжірибе жасап көргенде ғана есінде сақтап, одан әрі өмірде қолданатын болады, – дейді семинарға қатысушы, Н.Нұрмақов атындағы Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Фарида Сатмолдина.

Күршім ауданынан келген Ақмарал Қизатова мен Эльвира Каирлинаның айтуынша, ауылды жерлерде сабақтар әлі де ескі оқулықтармен жүргізіліп келеді, оларға жаңасы әлі жетпепті. Оның үстіне биыл қабылданған жаңа оқу бағдарламасы бойынша мектепте химия және биология пәндері аптасына бұрынғыдай үш сағат емес, екі-ақ сағат оқытылады.

– Сондықтан да баланың аталмыш пәндерге деген қызығушылығын арттыру үшін жаңаша жұмыс істеу қажет. Біз осы семинардан өзімізге үлкен іс-тәжірибе жинақтап қайтамыз деп келдік, – дейді күршімдік мұғалімдер.

Семинар барысында озық тәжірибелі мұғалімдер химия мен биологиядан әртүрлі зертханалық жұмыстар жүргізіп, шеберлік сыныптарын өткізді.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар