Сарысудан сүт өнімдерін алу технологиясы ұсынылды

(Дауыстар: 1)
Сарысудан сүт өнімдерін алу технологиясы ұсынылды

Қазақстанда тұңғыш рет мамыр айында Өскеменде өтетін «Шағын EXPO-2014» көрмесіне қатысатын жобаларды іріктеу үшін құрылған арнайы штабқа 2014 жылдың бірінші наурызына дейін 87 жоба түскен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жобалар үш топтама бойынша іріктелді. «Жаңартпалы және балама энергия көздері, энергияны үнемдеу» топтамасына – 28, «Экологиялық қауіпсіздік және ресурстарды үнемдеу» топтамасына – 25, «Жасыл технологиялар» топтамасына 34 жоба ұсынылды. Конкурсқа тек Өскеменнің өзінен 40 адам қатысқан. Өзге өңірлердің ішінде Алматы мен Астана, Қарағанды қалаларының ғалымдары белсенділік танытқан. Конкурсқа тапсырыс берушілердің ішінде 13 өнертапқыш, 15 ғылым кандидаты, 14 ғылым докторы, бір Phd докторы және 2 академик бар.

Семейлік ғалым Тілеуқадыр Байтуғановтың «Шағын EXPO-2014» көрмесіне ұсынып отырған жобасы бұдан былай сүтті қалдықсыз өңдеуге мүмкіндік бермек. Қалыпты жағдайда сүт өнімдерін алу барысында 87 пайыз сарысу қалдық ретінде төгіледі. Жобаның негізгі мақсаты – сарысудың құрамындағы адам ағзасына аса пайдалы лактозаның ысырап болуының алдын алу және сарысу шайындыларынан экожүйені қорғау.

Әлемде сарысуды қайта өңдеудің түрлі технологиялары бар болғанымен, ешқайсысы қазақстандық кәсіпкерлер мен фермерлер үшін экономикалық тұрғыда қолжетімсіз болып саналады. Оның үстіне сарысуды қайта өңдеудің өзге тәсілдері анағұрлым көп қуатты қажет етеді. Сол себептен де біздің елде сарысуды өңдеуге ешкім құлық танытпай келген.

Осы мәселені шешу үшін жоба авторы сарысуды қойылтатын қондырғы ойлап тапты. Бұл «ғажайып машина» 10-15 кВт қуатпен-ақ күніне 300-400 литр сарысуды қайта өңдей алады. Қондырғы күннен алған энергиямен де жұмыс істей береді.

Негізгі өнімдері: құрт, ірімшік, қоспа қаймақ, сары май, сүзбе және іркіттен алынатын шоколад-ірімшік. Осы жоба негізінде ұлттық сүт тағамдарын дайындайтын мамандандырылған кәсіпорын құру жоспарланған. Бұл кәсіпорын сүт өнімдерін қалдықсыз, сапалы әрі гигиеналық талаптарға сай етіп өңдеуге мүмкіндік береді. Ал мұндай кәсіпорыннан тысқары қалған шалғай елді мекендер үшін «Жайлау» деп аталатын мобильді вагон-цех жасалған. Аталмыш вагон көшпелі шаруашылыққа аса ыңғайлы.

Жоба авторы өзінің қондырғысынан алынған ұлттық тағамдарды «EXPO-2017» көрмесіне ұлттық бренд ретінде ұсынбақшы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Экономика | Кілт сөдер: expo-2017, сүт

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар