Дәрігер тапшылығы Шығыс Қазақстанда 100 адамға азайды

(Дауыстар: 1)
Дәрігер тапшылығы Шығыс Қазақстанда 100 адамға азайды

Шығыс Қазақстан облысында 334 дәрігер жетпейді бүгінгі таңда. Оның ішінде Өскемен қаласына 167 дәрігер қажет. Бұл мәселе жөнінде ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянников мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өңірімізге акушер-гинеколог, анестезиолог, окулист, невропатолог, аллерголог дәрігерлері аса қажет. Ал облыс бойынша бар-жоғы екі-ақ генетик қызмет көрсетуде. Бірі – Өскеменде, енді бірі – Семейде.

– Біз бұл мәселе бойынша жұмыстар жүргізудеміз, – дейді Вадим Овсянников. – Былтыр дәрігер тапшылығын 100 адамға азайтқан болатынбыз. Осы мақсатта жоғары оқу орындарын бітіруші түлектермен келісімшарт жасасамыз. Оларға 250500 мың теңге көлемінде әлеуметтік көтермеақы, қызметтік пәтер ұсынылады. Астана, Қарағанды, Алматы, Семей қалаларындағы медициналық оқу орындарына жәрмеңкеге бара қалсақ, туған жерлерінде қызмет еткісі келер Шығыстың студенттеріне ерекше назар аударамыз.

Сонымен қатар ауылдық квота арқылы, яғни, оқу ақысын төлеп берген елді мекенде белгілі бір уақыт көлемінде қызмет етіп жүрген түлектер де бар. Қазір Семей медициналық университетінде 102 бала ауылдық квотамен оқып жүрсе, 400 студент облыс Әкімінің грантымен оқуға түскендер. Мұндай жеңілдіктер аз қамтылған отбасынан шыққан, оқуға талпынысы бар балаларға беріледі. Олардың сегізі оқу орындарын тәмамдап та үлгерген екен.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар