«Қазақстан Барысына» үміткерлер белдесті

(Дауыстар: 1)
«Қазақстан Барысына» үміткерлер белдесті

Сәуір айының екісінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің № 2 Спорт кешенінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» қалалық турниріне іріктеу жарысының ашылу салтанаты өтті. Байрақты бәсекеге қаланың және Жиенәлі, Ертіс ауылдық округтерінен келген 16 финалшы бағын сынады.

Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Құржықаев және жерлестерімізге жеңіс тілеп келген Шығыс Қазақстан облысының қазақ күресі Федерациясының Вице-президенті А.Қазымұлы жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, семейлік спортшылардың бағындырар биігінің асқақ екендігін атап, зор сенімдерін білдірісті.

Жарыстың бас төрешісі Шыңғыс Бейсенұлы бұл жарыс турасында бізге былай деп мәлімдеді.

- Бүгінгі жарыс тізімінде барлығы 16 балуан тұр. Балуандарымыздың саны аз болғанымен сапасы жоғары. 70-80 келіден асқан күштілер бақ сынайды. Турнирдің ережесіне сәйкес І кезең бойынша іріктеу жарыстары ауылдық округтерде наурыз айының 22-23-і күндері өткізілді. Іріктеу олимпиадалық талаптарға сай өтеді. Бұдан өткендер облыстық іріктеуге қалады. Бізден 2 балуан қатысады. «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық жарыстары (түйе палуандар арасында) маусымның 29-ы күні Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.

«Қазақстан Барысы» болуға дайын тұрған, 94 келі салмақтағы тарлан жігіттердің бірегейі Мұхит Тұрсынов үшін бұл іріктеудің орны әсте бөлек.

- Иә, бүгін қалалық іріктеу. Мамыр айының 10-11 күндері Өскемен қаласында облыстық кезең өтеді. Жалпы Шығыстың, соның ішінде Семей палуандарының баптары келіскен. Бәрі кілең кілемнің тарландары. Қарсыластардың бәрі жоғары деңгейде дайындалған. Себебі, дайындық қана жеңіске жеткізеді. Біз қазір үлкен дайындық үстінде жүрміз. Алдымызға қойған мақсаттарымыз көп. Өмірін басыбайлы спортқа арнаған жан ғана жетістікке лайық,- дейді М. Тұрсынов.

Әуелеген Әнұран қазақ жігіттерінің айбынын асқақтатып, күшін тасытқандай әсер етті. Ахметбекұлы Айдардың орындауындағы «Алға, қазақ жігіттері!» әні жігіттеріміздің бойына жігер құйғандай болды.

Жарыс қорытындысы бойынша абсолюттік салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар, абсолюттік салмақ бойынша ауыр салмақтағы палуандармен белдесіп, оларды тізе бүктірген Мұхит Тұрсынов топ жарып, бірінші орынды қанжығалап, «Қала Барысы» атанды. Екінші орынға Оразбаев Әділ, үшінші орынға Конкиев Ерлан ие болды.

Қазақстан БарысыҚазақстан Барысы

Жеңімпаз болған палуандар дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және Шығыс Қазақстан облысы Қазақ күресі федерациясының даярлаған арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Жүлделі орындарды иелеген палуандар облыста өтетін «Қазақстан Барысы» чемпионатының іріктеу жарысына жолдама алды.

ҚР ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды қазақ күресімен шұғылдануға тарту және елімізде қазақ күресін өркендету арқылы, оны ұлттық идея деңгейіне жеткізу және халықаралық имиджін көтеруді алға қойған бәсі биік «Қазақстан Барысы» турнирінің қазақ балуандары үшін алар орны орасан.

Осы орайда оқырмандар назарына «Қазақстан Барысы» турнирінің кезеңі мен шартын ұсына кетсек. «Қазақстан Барысы» турнирі ІV кезеңнен тұрады. Атап айтсақ, І кезең – ауылдық елді мекендерде; ІІ кезең – аудандық, қалалық (жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы жарыстар); ІІІ кезең – облыстық іріктеу жарыстары; IV кезең – республикалық ақтық сайысқа қатысатын палуандар арасында өтеді. 14 облыс, Астана, Алматы қалаларының 2 палуаннан қатысады. Команда құрамында 1 төреші және 1 бапкер болу қажет. Палуандар кілемге қазақтың ұлттық шапанын киіп шығады. Сайыс алдында олар шапанды шешіп, қазақ күресі күртешесімен белдеседі. Сонымен қатар, міндетті түрде палуанның иығында түлкі терісі және бапкерінің қолында қамшысы болуы керек. Жеңіске жеткен палуан қарсыласының түлкі терісін өзінің иығына салып алады. Бапкер төрешіге наразылық білдірген жағдайда қолындағы қамшысын жоғары көтеру арқылы білдіреді.

Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы «Қазақстан Барысы» атағын алады және “Алтын белбеу” иегері атанады. Екінші орын алған палуан “Күміс белбеу” иегері атанады, үшінші орын алған палуан “Қола белбеу” иегері атанады.

Спорттың биік шыңын бағындырсам деп армандамайтын спортшы аз емес. Үш рет «Қазақстан барысы» атануды мақсат еткен Айбек Нұғымаров болса, ақтық бәскеге еш кедергісіз қатысатын болады.

Осы жарыстардың барлық жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің аясында қазақ күресінен финалдық облыстық жарыстарға жоғарыдағы жеңімпаз жігіттеріміз қатысатын болады.

Медет Демежан
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Спорт | Кілт сөдер: Қазақстан барысы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар