Ұлы Жеңістің 70 жылдығына әзірлік басталып кетті

(Дауыстар: 3)
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына әзірлік басталып кетті

Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің мәжілісі өтіп, оған қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Геннадий Бердюгин ұйым алдындағы міндеттерге, осы орайда атқарылар істерге кеңінен тоқталды.

Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің жастарға адамгершілік және патриоттық тәрбие беру жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Петр Рытов қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің жастарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі атқарып жатқан іс-шараларының және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған акцияға дайындықтың барысына кеңінен тоқталып өтті. Акция аясында шығысқазақстандықтардың соғыстағы ерліктері мен тылдағы еңбектерін дәріптеп, жастарға патриоттық тәрбие беру жөнінде іс-шаралар өткізу жоспарланған. Облыстық білім басқармасымен келісім бойынша жергілікті ардагерлер ұйымдарының бастамасымен біздің өңірдегі әр мектепте жастарға патриоттық тәрбие беру жөнінде қоғамдық кеңес құрылады. Осыған орай облыстағы барлық ардагерлер ұйымы биыл ақпан айында бұл іске кірісіп кеткен. Жиында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап жасалған іс-шаралар жоспарлары кеңінен талқыланды. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, ұйымдастыру комитетінің төрайымы Ғалия Құсанова ардагерлер ұйымдарының көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдары арасында өткізілетін «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты республикалық байқау-фестивалінің шарттары туралы айтып берді.

Тарбағатай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқан Сахариев жастарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі атқарған жұмысы туралы баяндады. Оның айтуынша, ауданда бес мыңға жуық зейнеткер тұрып жатыр. Солардың алтауы – Ұлы Отан соғысының, 589-ы – тыл ардагері.

Ауданда ардагерлердің 49 бастауыш ұйымы бар. Бұл ұйымдар оқу орындарының педагогикалық ұжымдарымен бірге жастарға патриоттық тәрбие беру шараларымен тұрақты түрде айналысады. Ауданның барлық елді мекендеріндегі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге қойылған ескерткіштерді оқушылар ардагерлермен бірге безендіріп, төңірегін көркейту, көгалдандыру жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Бұл бағытта Екпінді, Ойшілік, Құмкөл ауылдық округтеріндегі бастауыш ұйымдар белсенділік көрсетуде.

Аталған ардагерлер ұйымдары жетекшілерінің бастамасымен, демеушілер көмегімен Ақсуат ауылында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер ескерткіші тұрғызылып, футбол алаңы мен балалар алаңы салынды. Жаңаауыл ауылында да тыл еңбеккерлерінің қатысуымен осындай ескерткіш қойылды. Сондай-ақ, барлық ауылдық округте әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жөніндегі комиссия аудандағы құрылымдармен ардагерлерге тегін отын, астық қалдықтары мен шөп босату жөнінде келісімге келген. Ай сайын екі ардагерге «Уба» шипажайына жолдама беріледі. Барлық мектептерде тимуршылар жасақтары құрылған. Олар үнемі соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне қолғабыс жасайды. Аудандағы 17 ауылдық округтің 12-сінде ардагерлердің демалыс орталығы жұмыс істеп тұр.

Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Геннадий Бердюгин Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық шараларын ширата түсуді тапсырды.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар