Ауылдық туризмді дамыту қолға алынады

(Дауыстар: 1)
Ауылдық туризмді дамыту қолға алынады

Қазір экологиялық және ауылдық туризмнің танымалдылығы өсуде. Туристер жергілікті тұрғындардың әдет-ғұрпы, мәдени мұрасы мен жабайы табиғат туралы көбірек білгісі келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы - табиғи байлығымен және мәдени мұрасымен бірегей өлке. Оның көрікті тау-ормандары және биік таулы ландшафттары, сондай-ақ, жұмсақ климаты туризмнің әр түрінің орталығы болуға мүмкіндік береді.

Бүгінде словакиялық «Махаон Интернешнл» қауымдастығы біздің өңірде «Алтын Алтай - аймақ дамуының басты бағыты» жобасының бастау алатынын хабарлап отыр. Жоба 2014-2016 жылдары Еуроодақтың қаржылай қолдауымен 350 мың евро көлемінде қазақстандық Алтай аумағының үш қанатқақты ауданында - Катонқарағайда, Күршімде және Риддерде жүзеге аспақ. Жоба барысында жинақталған тәжірибе және байқаудан өткен әдістер облыстың басқа аудандарында кеңінен таратылатын болады.

- Жобаның мақсаты әлеуметтікэкономикалық дамудың инновациялық әдісі ретінде ауылдық туризмді дамыту және шалғай ауылдардағы өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Ал облыстағы «ЭкоАлтай», «Бумеранг», словакиялық «Сосна» коммерциялық емес ұйымдары жобаның серіктестері болып табылады.

Қазақстандық әріптестер үшін оқыту тәжірибесін жобаның қауымдастық серіктестері - Гесойзе ұлттық паркі (Австрия), Жешов аймағының даму агенттігі (Польша) және табиғаттағы Валаш мұражайы (Чехия) ұйымдастырмақ, - дейді «ЭкоАлтай» коммерциялық емес ұйымының аумақтық директоры Евгений Юрченков.

Оның айтуынша, жоба аясында қазақстандық және еуропалық серіктестіктер арасында туризмді дамыту бойынша мол тәжірибе алмасу, жергілікті тұрғындар үшін оқыту шараларын өткізу, туристерге кең көлемді қызмет көрсету және сый-кәделік өндірісті дамыту, арт-симпозиумдар мен ұлттық мейрамдарды өткізуді қолдау шаралары жоспарлануда. Экотуристік инфрақұрылымдар - қонақ үйлер, ақпараттық орталықтар және ерекше қорғаудағы табиғи аймақтарға бағыттар жасау мен экожолдарды салу қолға алынбақ. Шығыс Қазақстанда жастар және балалар туризмін дамытудың қажеттілігін ескере отырып, жетім балалардың ықпалдасуы мен кәсіптік бейімделуіне, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалардың демалуы үшін арнайы әлеуметтік жобалар қарастырылған. Өңірдің әлемдік туристік нарыққа шығуы үшін көптілді тұғырнама құру жобаның негізгі нәтижесі болмақ.

Жуықта Өскеменде Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігінің жоба бойынша менеджері Лука Карапелли мен «Махаон Интернешнл» қауымдастығының директоры Светлана Белованың қатысуымен үлкен басқосу болады деп күтілуде.

Эльмира Тайырқызы
сурет Сергей Суровтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар