Жаңғызтөбе көркейіп келеді

(Дауыстар: 1)
Жаңғызтөбе көркейіп келеді

Жаңғызтөбе - тоғыз жолдың торабында орналасқан ірі ауылдық округтердің бірі. Жарма ауданының бұл округ әкімі Қайырғазы Закимовтың айтуынша, округтегі халықтың саны - төрт жарым мың адам.

Мұндағы екі орта мектепте 648 бала білім алуда. Мектеп жанындағы екі даярлық топта 65 бүлдіршін тәрбиеленеді. Екі денсаулық сақтау мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Округте үш әскери бөлім, төрт түзеу мекемесі, теміржол бекеті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр.

Мұндағы бұрынғы мұнай базасы қайтадан жанданып, «Жаңғызтөбе мұнай өнімдері» ЖШС боп жұмыс істей бастапты. Директоры - жас іскер азамат Мауытқан Әбдірахманов. Ол оқу жылы басталғалы «Мектепке - жол» акциясы бойынша 20 оқушыға киімкешек, оқу жабдықтарын алуға басқа кәсіпкерлермен бірлесіп қаржылай көмек жасады. Қарттар күні 75тен асқан 94 қарияға дастарқан жайып, сый-сияпат көрсетті, Құрбан айт күні тұрмысы төмен отбасыларына бір ірі қараның етін таратты. Жармалық ақын Зубаржат Құсбекованың өлеңдер жинағын шығаруға демеушілік жасаған. Жомарт азамат зейнеткерлерге тегін көмірмен де көмектесуде.

Биыл «Нұртоқтар» мешіті іске қосылды. Жанында кәсіпкер Сыйқымбаевтың қаражатына салынған қатымхана жұмыс істеп тұр. Бас имам Саят Тоқтарбайұлы бұл азаматтарға көпшілік атынан алғыс білдірді. Жалпы, Мауытқан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 42 адамды еңбекке тартты. Одан өзге Жаңғызтөбе кентіндегі мекемелер 800-ге тарта адамды жұмыспен қамтып отыр. Ағайынды Сыйқымбаевтар шағын несие алып, 28 орындық қоғамдық монша салып, 6 адамға жұмыс орнын ашпақ. Іскер азамат Ержан Акушев ішінде 8 кісілік қонақ үйі бар 200 орындық тойхананы іске қосуда.

Іргедегі Шуақ ауылында да игілікті істер баршылық. Мұнда Қалихан Төлеуханов 40 адамға лайық қоғамдық моншаның құрылысын аяқтау үстінде. Оның ішінде шайхана, шаштараз, демалу орындары бар. Жеті адам жұмыспен қамтылады. Бақыт Тектенова өз қаражатына он бес адамды жұмыспен қамтитын демалу-сауықтыру орнын ашуда.

Мәуітқазы Зүкенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Экономика | Кілт сөдер: жаңғызтөбе

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар