Құрылыс мерзімін орындамаған мердігерлер жазаға тартылады

(Дауыстар: 1)
Құрылыс мерзімін орындамаған мердігерлер жазаға тартылады

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында созылып кеткен құрылыстардың жайы талқыланды. Әкім барлық әлеуметтік және тұрғын үй құрылыстарын мерзімінде қолданысқа беріп, міндетіне салғырт қараған мердігерлерді анықтап, жазалауды тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Серік Төленбергеновтің айтуынша, жыл басынан бері өңірде 86 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның 22-сінің конкурстық процедуралары аяқталмаған. Аймақ басшысы уақытынан кешігіп жатқан ғимараттарға алаңдаушылық білдіріп, қызметіне салғырт қараған мердігерлерді сын тезіне салды. Бұған дейінгі жиындарда да облыс басшысы жауапкершіліктен жұрдай мердігер ұйымдардың «қара тізімін» құрып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғауға дейін баратын жазалау тетіктерін ойластыру керектігін айтып келеді. Дәл осылай үстінен қылмыстық іс қозғалған «Құмаров и К» фирмасының тағдыры кейбір мердігерлерге сабақ болып үлгермесе керек. Құрылыстардың мерзімінде бітпеуінің басты себебі – жұмысты жүйелі ұйымдастыра алмаушылық. Үржар ауданының Қабанбай ауылындағы 320 орындық мектеп пен Зырян қаласындағы 280 орындық балабақша құрылысын мойнына алған «ESK жол құрылыс компаниясы» (директоры Еркін Түсіпбеков) жұмысты нашар ұйымдастыруы салдарынан ісі сотқа жолданған. Бұдан бөлек аталмыш аудандағы тағы бір мектептің құрылысын кешеуілдеткен «МД Құрылыс» ЖШС (директоры Ерлан Досанов) мерзімді кешіктіргені үшін сот алдында жауап бермек. Зырян ауданындағы Чапаев ауылындағы 130 орындық мектептің құрылысын кешіктірген «Халиф Гром» ЖШС (директоры Евгений Гао) да осы тізімге «үміткерлер» қатарынан. Өңір басшысы жұмыстың жүйесіздігінен қарапайым халық зардап шекпеуі тиістігін ескертті.

Серік Төленбергеновтің сөзіне сенсек, Зырян ауданындағы мектеп құрылысын мерзімінен кешіктірген «Халиф Гром» компаниясы келтірген шығынның айыбын төлеген. Құрылысты аяқтау жұмыстарына 18 жұмысшы мен екі техника тартып отыр. Үшінші тоқсанда нысанды пайдалануға бермек.

Семейдің Абай атындағы әмбебап кітапханасын қайта жарақтау ісін «Восток-Строй-Комплект» ЖШС (директоры Марат Чунчубаев) сағызша созып жіберген. Соның кесірінен мердігер ұйым мемлекеттік сатып алулардың сенімсіз қатысушысы деп танылды. Аягөздегі балбақша құрылысын құрдымға жіберген «Профиль ХХІ» ЖШС (директоры Алмас Құсманбетов) дәл осындай жазаға тартылды.

Әлеуметтік нысандардың басындағы мүшкіл хал тұрғын үй құрылысына да таңсық емес. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша екі бірдей тұрғын үй құрылысы тұралап тұр. Оның бірі Өскемен қаласының №19 шағын ауданында орналасса, екіншісі Семей қаласында салынып жатыр. Бірінші нысан – басынан дау арылмай келе жатқан «Құмаров и К» компаниясы қармап қалған тендерлердің бірі. Ал Семейдегі үйді «Зәулім-Заңғар» ЖШС қыркүйек айына дейін қолданысқа береміз деп отыр. Басқарма басшысы мұндағы жұмыс тым баяу жүріп жатқанын атады.

Талайдың тағатын тауысып, жүйкесін жұқартқан «танымал» құрылыстардың кейбіріне көптен күткен нүкте де қойылатын сыңайлы. Зырян ауданындағы «Грехов кенішіне қарасты тұрмыстық ғимаратты мүгедектердің оңалту орталығына айналдыру ісін мойнына алған «Неостройкомплект» ЖШС (директоры Валерий Мукин) құрылыстың аяқталуға жақын қалғанын мәлімдеп отыр. Мұнда сантехникалық және сыртқы келбетін әрлеу жұмыстары ғана қалған. Ал Алғабас ауылындағы мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ басшысы барлық білім нысандары келер оқу жылына дейін қолданысқа берілу керектігін қатаң ескертіп, құрылыс басқармасы бастаған тиісті ведомстволарға мемлекеттік сатып алулар кезінде мұқият болып, бүгінгідей келеңсіздіктерді болдырмауды, ал кінәлі мердігерлерді жазасыз қалдырмауды тапсырды.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Экономика | Кілт сөдер: құрылыс

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар