Елік қыз есінен кетпеді

(Дауыстар: 1)
Елік қыз есінен кетпеді

Жап-жас екен. Мөлдіреп тұр. Өзі біреуге ұқсайды. Қайтіп анау қарны қампиған сұмырай еркектің жанына түнейді екен.

Пәтерін бір түнге жалға беріп келе жатқан Жайдарлымның көз алдынан еліктің лағындай сүйкімді қыз көпке дейін кетпей қойды. Құдай-ау, ертең осынау сүйкімді бойжеткен де тұрмысқа шыға ма? Ақ босағаны қалай аттайды? Өмірлік жарының жүзіне қалай ұялмай қарайды? Әлде, осылай әркімнің бір қолжаулығы болып жүре бере ме? Обал ғой... Жайдарлымның біртүрлі кеудесі қысып кеткендей болды. «Қойшы, мен де қызықпын осы, маған пәтердің ақшасын берді ғой, болды емес пе?». Осылай деп өзін-өзі іштей жұбатқанымен, еліктей сүйкімді бойжеткеннің келбеті тағы да көз алдына көлбеңдеп келіп алды. Ол автобус терезесінен шамдары жарқырай жанып, жымыңдап өзіне арбаған түнгі қалаға жиіркене қарады. Бәрі де жасанды, бәрі де жалған деді іштей. Тезірек үйге жетсе екен.

...Құдай-ау, мынау дүние не болып кеткен өзі? Кір, лас бір әлем. Бұлай ақша тапқаны құрысын... Баламен отырған соң, күйеуімнің тапқан-таянғанына сеп болсын деп бір нәрсемен айналысудың көзін қарастырып, кішкентайдан бірге өскен құрбысымен ақылдасқан. «Пәтеріңді жалға беріп, ақша тапсаңшы. Бір күнге жалға берсең, бес мыңды қалтаңа басасың» деген ол. Жайдарлым кәдімгідей ойланып қалған. Сөйтіп, өзі отбасымен қаланың шетінде тұратын анасының үйіне көшіп барып, қаланың қақ ортасындағы бір бөлмелі пәтерін жалға бере бастады. Қаладағы аялдамалардың, тұрғын үйлердің қабырғасына құлақтандыру жазып тастап
еді, хабарласатындар да табылады екен. Кейде тіпті қалта телефонының жағы тынбайды. Десе де, Жайдарлымның осынау іспен айналысқанына бір ай болса да, әлі бойы үйрене алмай жүр. Жезөкше қыздарды көрген сайын жүрегі ауырады. Өткенде қызық болды... Бір сағатқа пәтер жалдағандардан кілтті алуға барған. Қаба сақалды еркектің жанында аяғын керіле басқан әйелді танып қалып, бетін бұрып әкетті. Құдай-ау, отбасылы әйел де осындаймен айналысады екен ғой...

...Үйге енген Жайдарлымның алдынан кішкентай ұлы құлдыраңдай жүгіре шықты. Жаным сол! Тәп-тәтті ұлын жерден көтеріп алды. Мұның келгенін көріп күйеуі де қуанып қалды. «Сен кешіккенге алаңдай бастап едім» деп қояды жымиып. Қызының шаршаңқы жүзін көрген анасы да асты-үстіне түсіп, бәйек болып жатыр. Әдемілеп картоп қуырып қойыпты.

Біраздан кейін бәрі ақар-шақар болып кешкі астарын ішуге отырды.

«Ол да осындай бақытты отбасын армандай ма екен?...». Жайдарлымның ойынан анау бір қарны қампиған еркекке жем болған елік қыз бәрібір кетпеді...

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Мөлтек сыр | Кілт сөдер: пәтерді жалға беру

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар