Энергияны атмосферадан өндіру тәсілі табылды

(Дауыстар: 2)
Энергияны атмосферадан өндіру тәсілі табылды

Өскемендік өнертапқыш Михаил Булдаков атмосфера - сарқылмайтын энергия көзі екеніне сенімді. Оның айтуынша, осы жобаны елімізде тарату арқылы Қазақстанды энергия тапшылығынан біржола құтқаруға болатын көрінеді.

Атмосфераның статикалық қысымы әртүрлі бағытта жердің әр шаршы метріне бір тонна ауырлық күшімен әсер етеді. Бұл күшті динамикалық арынға айналдыру арқылы қозғалтқыштардың көмегімен ток генераторының білігін шыр айналдыруға болады. Атмосферадағы динамикалық ағынның қуатын көзге елестету үшін, теңіз дауылын еске алса жетіп жатыр. Мұндай қуатпен аса ірі мөлшерде энергия өндіруге болады. Атмосфера қысымы күннің қызуы сияқты сарқылмайтын энергия көзі болып табылады. Адамзат атмосфераның статикалық қысымын желдеткіштер мен ауа сығымдағыштарда бұрыннан қолданып келеді. Тіпті, тікұшақтың қанаты да осы қысымның арқасында бізді көкке көтеріп жүр. Алайда, оны электр өндірісіне қолдану кең етек жая қоймаған. Бұл жобаның жаңашылдығы да осында.

Аталмыш жобаның барлық сызбалары мен тетіктері дайын. Алдағы уақытта оны белгілі бір өңірге оңтайлау ғана қалды. Жоба жүзеге асса ғаламның кез келген нүктесінде адамзат таза әрі экологияға зиянсыз, арзан энергияны пайдалана алатын болады. Көмір мен мазут өндіретін кеніштердің қажеттілігі біртіндеп жойылады, ауа көмірсутек сынды улы газдардан тазарады. Қыруар отынды талап ететін дәстүрлі жылу желілерінің орнын атмосфералық қысымға негізделген жүйе басады. Тіпті, апаттық қатері орасан болып саналатын атом электр стансаларының да қажеті болмай қалуы мүмкін.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Экономика | Кілт сөдер: expo-2017

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар