Қытай Аягөзге дейінгі теміржол құрылысына инвестиция құюға әзір

(Дауыстар: 1)
Қытай Аягөзге дейінгі теміржол құрылысына инвестиция құюға әзір

Өскеменде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен аймағымызда жаңа бағыттардағы теміржолдарды салу мәселелеріне арналған жұмыс тобының отырысы болып өтті. Жиынға Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары Руслан Мағзұмов қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын Шығыс Қазақстан облысының ресми делегациясы Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономды районының Шәуешек қаласында болып қайтқан. Сол сапар барысында екі елдің дипломаттары бірқатар мәселелер жөнінде келіссөздер жүргізіп, әсіресе, Қарамай - Аягөз бағытындағы теміржолдың құрылысына ерекше тоқталған еді. Қазіргі уақытта Қытай үкіметінен елдің Қарамай мен Шәуешек қалаларын жалғайтын 307 шақырымдық теміржолдың құрылысына 5 миллиардтан астам юань көлеміндегі қаражат бөлініпті. Екі жарым жылға созылатын құрылыс жұмыстары алдағы мамыр айында басталмақ. Енді қытайлық әріптестер бұл теміржолдың екі елдің де экономикасына қызмет етуі үшін оны Шәуешектен Аягөзге дейін ұзартқан жөн болады деген ұсыныстарын жасырмауда.

- Бұл - сөз жоқ, өте ауқымды жоба. Алайда, оның Қазақстан экономикасына қосар үлесі де зор болмақ. Мамандарымыздың есептеуінше, екі ел арасындағы жылдық тауар айналымының мөлшері 15 млрд. тоннаға дейін ұлғаймақ. Қытай үкіметі тіпті, шекарадағы Бақтыдан Аягөз қаласына дейін созылатын теміржол бөлігін салу үшін инвестиция құюға да әзір екенін айтуда. Ал бізге теміржол құрылысының жылдамдығы мен құнын айқындап алу маңызды болып тұр, - деді Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Нұрғалиев.

Дегенмен, бүгіндері Шығыс Қазақстанда бұдан бөлек бірқатар теміржол құрылысының жобасы әзірленуде. Атап айтқанда, жақын болашақта Зырян - Майқапшағай теміржолы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Оның құрылысына шамамен 180 млн. теңге бөлінген. Одан бөлек, Шар - Майқапшағай, Жаңғызтөбе - Майқапшағай, Аягөз - Майқапшағай сияқты теміржол бағыттарын ашу жағы қарастырылуда. Мұны өз сөзінде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев та атап өтіп, бұл жолдардың маңыздылығын айқындау қажеттігін ескертті.

- Теміржол салуға қатысты мәселелер көп. Енді осы теміржол бағыттарының еліміз бен облысымыздың экономикасына тигізер пайдасын назарға ала отырып, кешенді жұмыс жоспарын әзірлегеніміз жөн. Сондықтан да бізде аталған мәселеге қатысты ортақ ұстаным болуы керек. Көлік және коммуникация министрлігіне хаттама әзірлеп, жолдайық. Әрине, шетелдік инвесторларды тарту мәселесіне қай кезде де баса назар аударатын боламыз. Ал ол үшін техникалық-экономикалық негіздемелеріміз әбден сарапталып-сараланған болуы тиіс. Жалпы, ең маңыздысы теміржолдың өзі емес, оның бойында орын тебетін нысандар - терминалдар мен стансалар, жаңа елді мекендер мен жұмыс орындары екенін ұмытпайық, - деген облыс Әкімінің бірінші орынбасары жиынға қатысқан басқармалардың басшыларына осыған байланысты тиісті тапсырмалар жүктеді.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар