«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына кәсіпкерлер 31 жоба ұсыныды

(Дауыстар: 1)
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына кәсіпкерлер 31 жоба ұсыныды

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында беріліп келе жатқан мемлекеттік грантты иеленуге Шығыс Қазақстан облыс кәсіпкерлерінен 31 жоба ұсынылып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлігін енді бастаған азаматтарға мемлекеттен қайтарымсыз негізде берілетін үш миллион теңге көлеміндегі қаржылай көмекті алуға өтінім беріп, жобаларын ұсынған Шығыс Қазақстан тұрғындарының қатары биыл біршама арта түскен.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мағайша Сайдуақасова жобалар роллердром, шағын қонақүй қызметін, ескі дөңгелектерді өңдеу орындарын ашып, ұлттық тағамдар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, декоративті тастар мен кәдесыйлар жасауға, басқа да кәсіп түрлерін құруға бағытталғандығын айтады.

Жобалардың басым бөлігі – Өскемен, Серебрянка қалалары мен Зырян, Глубокое аудандарынан.

2014 жылы мемлекеттік грант бөлуге біздің облыстан 95 млн. теңгеге өтінім берілген. Бірінші траншпен түсіп отырған соның 25 млн. теңгесі осы жолғы конкурс жеңімпаздарына бөлініп берілмек. Қазіргі күні үміткерлердің өтінімін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия жобаларды сарапқа салуда.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар