Тарбағатай ауданының орталығы - Ақсуат ауылы көркейіп келеді

(Дауыстар: 2)
  • 17 сәуір 2014, 12:41 |
  • Пікірлер: 1
Тарбағатай ауданының орталығы - Ақсуат ауылы көркейіп келеді

Тарбағатай ауданының орталығы - Ақсуат жыл санап жаңғырып, көркейіп келеді. Ауылдың орталығына кіреберістегі күре жолдың бойындағы әсем талдар мен шыршалар тау етегіндегі елді мекеннің ажарын ашып, сәнін кіргізіп тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сегіз мыңдай тұрғыны бар Ақсуат бүгінде адам танымастай өзгерген. Көшелер жарықтандырылып, асфальтталған. Соңғы екі жарым айдың ішінде аудан әкімінің басшылығымен абаттандыру жұмысы қолға алынып, бес мың шаршы метр аумаққа демалыс сквері, төрт мың шаршы метр аумаққа көгалдандыру жүргізіліп, түрлі ағаштар отырғызылып, 800 шаршы метр жерге гүлзарлар орнатылған. Ақсуаттың орталық көшелеріндегі көпқабатты үйлердің барлығы толықтай жөнделіп, боялып, шатырлары толығымен ауыстырылған. Игі шараны ауылдың барлық мекемелері мен тұрғындары өз қаржыларымен аз уақыттың ішінде атқарған.

Осы жылдың өзінде Ақсуат ауылына «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында 40 миллионға жуық қаржы құйылған. Соның арқасында аудан орталығының сәулеті мүлде өзгеріп, жаңа нысандар пайда болды.

Ақсуат ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Нұғиевтің айтуына қарағанда, соңғы жылдары кәсіпкерліктің барлық саласы дамыған. Бұрын бұл орталықта ірі кәсіпорын саналған «Ақсуат-ет» өндірістік мекемесі қазір аудан орталығына жақын жерден кәсіп ашып, өндірісін ұлғайтып, бұрынғыдан да ірі кәсіпорынға айнала бастаған. Бес мың басқа арналған құс фермасы толығымен бітіп, жақын уақытта пайдалануға беріледі.

Аудан орталығында шағын және орта бизнес қанат жайып келеді. Ауылда тас төсеніштер жасайтын төрт бірдей цех жұмыс істеп тұр. Осындай қажетті өнімнің жергілікті жерде шығарылып отыруы ауылдағы біраз шаруаның тиімді атқарылуына септігін тигізіп келеді. Соның арқасында биыл аудан орталығындағы бірнеше көшеге сапалы, арзан тас төсеніштер салынды.

Орталықтағы көптеген ғимараттар әсем қоршаулармен безендірілген. Соңғы екі жылда Ақсуатта сегіз сәулеті келіскен құрылыс кешені бой көтерген.

Ауылдағы әлеуметтік нысандар - балабақша, аурухана, мұражай, орта мектептер жанындағы мектеп-интернат заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қолайлы қызмет көрсетіп келеді. Ауылдағы саз мектебі мен аудандық мұражай ауданның ғана емес, республиканың назарына ілігіп жүр. Осындағы орталық стадион, спорт мектебі, жасанды футбол, хоккей алаңдары ел игілігіне жұмыс істеп тұр.

Аудан орталығының бас жоспары биыл қайта қаралмақ. Ескі көшелер кеңейтіліп, жаңа балабақша, кіші спорт сарайы, көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланбақ. Ауданда тағы бір игі бастама қолға алынғалы отыр. Алдағы уақытта аудан орталығының дәл іргесіндегі Қарғыба мен Екпін ауылдарының ортасын қосатын күре жолдардың бойы жасыл белдеуге айналдырылмақ.

Қадырбек Кәкімұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

мурат | 8 наурыз 2015 22:28
Бұл Ақжар ғой.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар