Ауаның ластану деңгейі онлайн режимде көрсетіледі

(Дауыстар: 1)
Ауаның ластану деңгейі онлайн режимде көрсетіледі

Мемлекеттік-меншіктік серіктестік аясындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес осы жылы «Қазцинк» әлеуметтік жобалар үшін 3 миллиард теңге қарастырған, оның 1,5 миллиард теңгесі өңірдегі жаңа әлеуметтік бағдарламаларға бағытталады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыс әкімдігі мен «Қазцинк» арасындағы серіктестік келісім негізінде тараптар өңірдің әлеуметтік жобаларына қаржы көлемін ұлғайту жөнінде қосымша келісім жасады. Атап айтсақ, Өскеменде экологиялық қауіпсіздік жөніндегі жобаны жүзеге асыруға 40 миллион теңге жұмсалады.

Облыстық қоғамдық кеңес бастамасымен және «Қазцинктің» қаржылық қолдауымен облыс орталығында өңірлік автоматтандырылған өндірістік-экологиялық мониторинг өлшеу жүйесін құру жұмыстары аяқталады. Жүйені іске қосқан соң, тұрғындар онлайн режимде тәулігіне 72 мәрте Өскемен ауа бассейнінің ластану көрсеткіштерін біле алады.

Жаңа жүйені енгізу аяқталған, алайда қаржы болмағандықтан, атқарыл-ған жұмыстың ақысы төленбеген болатын. Енді жоба іске асырылып, ал облыс орталығындағы ауаның ластануына қатысты ақпарат көпшілікке қолжетімді болады.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар