Балалар шығармашылығының көрме-байқауы өткізілді

(Дауыстар: 1)
Балалар шығармашылығының көрме-байқауы өткізілді

2014 жылғы 22-23 сәуірде Шығыс Қазақстан өнер мұражайында орыстың ұлы ақынының туғанына 215 жыл толуына арналған «Менің Пушкинім» атты балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауының салтанатты ашылуы өткізілді.

Шығыс Қазақстанның жас дарындарына мұражай биыл өз есігін он бесінші рет айқара ашып отыр. Байқауды ұйымдастырушылар облысымыздағы Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Шемонаиха, Аягөз қалаларынан, Глубокое, Көкпекті, Аягөз, Бородулиха, Ұлан аудандарынан 300 жұмыс қабылдады. Байқау 7 ден 18 жасқа дейінгі балалардың арасында жоғары белсенділік туғызды, өйткені Пушкиннің есімі ХХI ғасырда да олардың өмірлері мен шығармашылықтарында қажеттілігі мен жақсылығын жойған жоқ.

Аталған тақырып жас суретшілер мен шеберлердің жұмыс істеулеріне ауқымды кеңістік туғызды: қарындаш, бояу, қағаз, жіп, мата, қамыр, табиғи материалдар көмегімен, түрлі техника және тәсілдермен балалар кемеңгердің тартымды да қайталанбас әдеби әлемін дербес көзқарастарымен көрсете білді. Соншалықты шабыт және қиялмен балалар ғажайып ертегілердің көркем де айшықты образдарын жасаған, атақты романдар мен әңгімелердің сюжеттеріне суреттер салған.

Балалар шығармашылығыБалалар шығармашылығы
«Оқымысты мысық», Д. Кайгородова, Зырян

Байқаудың ең кішкентай қатысушыларын оқымысты мысық, алтын балық пен алтын әтеш, әдемі Аққу ханшайым, сауыққой тиін, алып батырлар, тапқыр Балда мен сараң поп, қорқуды білмейтін Руслан мен сұлу Людмила, зұлым сиқыршы Черномор, тынымсыз ханзада Елисей және көптеген басқа кейіпкерлер қызықтырыпты. Орта жастағы қатысушылар жыл мезгілдері өлеңдер топтамасына, «Капитан қызы» повесіне иллюстрациялар жасағанды қалапты.. Ал жоғарғы сынып оқушыларының таңдауы азаматтық сарындағы өлеңдерге, «Дубровский», «Қарғаның мәткесі», «Бұрқасын», «Сараң сері», «Болжағыш Олег туралы жыр», өлмес роман «Евгений Онегин»-ге, ақынның өз портреттеріне, өмір кезеңдерін бейнелеуге түсіпті...

Сонымен, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Н. П. Аштема жетекшілік еткен қазылар алқасы аудандардан қатысқан балалар арасынан «Пушкиннің Қозы Көрпеш- Баян сұлу жырымен танысуы» деген суреті үшін байқаудың Бас бәйгесін Аягөз ауданы Қызыл қия мектебінің оқушысы Қызырбеков Думанға, ал өскемендік ббалалар арасынан «Қарғаның мәткесі» еңбегі үшін №19 орта мектеп оқушысы Мария Харламоваға беруді ұйғарды.

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстарын кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнер жанрлары бойынша жеке-жеке бағалады. Байқауға қатысқан балалардың барлығы дерлік марапатталды: бірінші орынға жиыны 30 бала, екінші орынға - 31, үшінші орынға 29 бала ие болды, жас шеберлердің бірқатары ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Балалар көрме-байқауыБалалар көрме-байқауы
«Үш сұлу», А.Серохвостова, Глубокое

Көрме - байқаудың ашылу салтанатында өнер мұражайының директоры Нұржази Қалиева өнерлі балаларға, олардың оқытушыларына, осы шараға демеушілік көрсеткен Ресей Федерациясының Өскемендегі Бас консулдығы, Пушкин атындағы облыстық кітапхана, «Шығыс сүт» ЖШС және басқа да кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

Аймангүл Мырзабаева,
Шығыс Қазақстан өнер мұражайының қызметкері
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Мәдениет | Кілт сөдер: көрме

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар