Жаңа құрылған әскери бөлімге Жауынгерлік Ту табысталды

(Дауыстар: 1)
Жаңа құрылған әскери бөлімге Жауынгерлік Ту табысталды

Кеше Өскемендегі Республика алаңында Ішкі әскер сарбаздары салтанатты сап түзеді. ІІМ ішкі әскерінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөліміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолдаған Жауынгерлік Туды ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты жағдайда табыстады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әскери бөлім 2013 жылдың 6 қарашасында Елбасының Жарлығымен құрылған болатын. Бөлімнің негізгі жауынгерлік қызметі түзету мекемелерін күзету болып табылады.

- Құрметті сарбаздар мен офицер мырзалар, бүгін сіздер үшін айтулы күн. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімі бүгін өзінің Жауынгерлік Туын қабылдап жатыр. Жауынгерлік Ту - кез келген әскери ұйымның жүрегі, тілегі, намысы, ары екендігі белгілі. Оны жауынгерлер бейбіт күнде де, соғыс жағдайында да көзінің қарашығындай сақтауға міндетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған бөлімдеріңізге келген бұл Ту жеке құрамның рухын көтеріп, абыройын асқақтатады. Сіздер осы Тумен бірге өздеріңізге үлкен жауапкершілік алып отырсыздар. Ту - мемлекеттің абыройы мен беделі, ендеше, байрақтарыңыз тек биікте желбіресін, - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің құттықтау сөзінде.

Сымдай тізіліп, салтанатты сапта тұрған сарбаздар бөлімнің Жауынгерлік Туын қабылдаған соң, алаңда шеру жасады. Үрлемелі әскери оркестрдің сүйемелдеуімен байрақтарын биікке көтерген олар әскери қызметке адал болуға, Жауынгерлік Туды көздерінің қарашығындай қорғауға ант берді.

Әскери бөлім командирі Бауыржан Барышевтың айтуынша, дәл осы күні сапта тұрған сарбаздар мен офицерлер үлкен тарихи оқиғаның, яғни, Жауынгерлік Ту қабылдау рәсімінің куәсі болғандарын мақтан тұтады. Себебі, бөлімнің Туын қабылдап алу рәсіміне қатысу - кез келген әскери адамның маңдайы на жазыла бермейтін бақыт. - Бүгінгі айтулы күнге сарбаздарымыз үлкен дайындықпен келіп отыр. Олар ертең жаңадан құрылған бөлімнің Жауынгерлік Туын қабылдап алғандарын балаларына мақтанышпен айтатын болады. Ежелгі заманнан бері жауынгер байрағы жоғары көтерілгенде, сарбаздың рухы көтеріліп, дұшпанның мысы басылған. Жауынгерлік Ту - бөлімнің ары мен абыройы, беделі мен намысы. Оны кез келген сарбаз қасық қаны қалғанша қорғауға міндетті, - дейді бөлім командирі Бауыржан Барышев.

Қазақстан Қарулы күштерінде Жауынгерлік Ту тек ең салтанатты жағдайларда ғана желбірейді екен. Ол: әскер ант қабылдағанда, бөлімнің құрылған күні мерекесінде, жеке құрамға қару және әскери техника тапсыру салтанатында. Әскери адамдар үшін желбіреген Жауынгерлік Тудың жанында суретке түсу үлкен абырой және құрмет болып саналады. Мұндай суреттер әскери адамдардың үйлерінде отбасылық құндылық болып сақталып, шаңырақ төріне мақтанышпен ілінеді.

Дарын Нұрсапаров
сурет Есімхан Орынбаевтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: қазақстан әскері

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар