Ақжар ауылында «Толағай» ықшамауданы бой көтереді

(Дауыстар: 1)
Ақжар ауылында «Толағай» ықшамауданы бой көтереді

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Ақжар ауылындағы бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ақжар ауылында жаңадан бой көтере бастаған «Толағай» ықшамауданының құрылыс жұмыстарын көріп, 10 пәтерлі тұрғын үйдің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Қолға алынған жұмыстармен танысқан өңір басшысы құрылысқа жауапты мердігер мекеменің жетекшісіне және ауыл әкіміне шаруаны жоспарға сәйкес және тиянақты орындауға, жеке тұрғын үйлерге бөлінетін жер телімінің жеткілікті мөлшерде болуын қамтамасыз етуге тапсырма берді. Сондай-ақ, бұл ықшамаудан суық су, кәріз жүйесі сияқты инфрақұрылымға қосылатын болады. Мердігер мекеме «Айзат - Құрылыс» ЖШС атқарып жатқан құрылыс жұмыстарына барлығы 60 млн. 87 мың теңге қаржы қарастырылған екен. ықшамаудан үйлері биылғы қараша айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Осы ауылдағы ауданаралық аурухананы аралап, дәрігерлермен, емделіп жатқан науқастармен тілдескен облыс әкімі медициналық мекемедегі терапия, хирургия бөлімшелерінің жағдайын көзбен көрді.

Аурухананың бас дәрігері Көбеген Дүйсебаевтың айтуынша, 1975 жылы салынған емдеу мекемесінің ғимаратын жөндеп, қалпына келтіру үшін кейінгі уақытта қыруар қаржы бөлініпті. 2012 жылдың өзінде ғана ғимаратқа «СемейМегаСтрой» ЖШС-мен 30 млн. теңгенің жұмысы атқарылған.

- Әзірге кадр тапшылығы жоқ. Мамандардың біразы зейнеттік жасқа таяп қалғандықтан, Семейдегі медициналық университеттің жоғары курс студенттері арасынан 17 бала облыс әкімінің грантымен оқып жатыр. Бітірген соң олар ауданға, соның ішінде Ақжар ауылына келіп еңбек ететін болады, - деп түсіндірген Көбеген Дүйсебаев жақын келешекте ауруханаға жаңадан мамолог дәрігер жұмысқа келетінін айтты.

Бұған қоса аймақ басшысы Ақжарда Абай орта мектебінің және «Балауса» балабақшасының жұмысымен танысып, «Шәмшия» шаруа қожалығында болды. Шаруашылық қарамағында 400 бас мүйізді ірі қара, 220 бас жылқы, 2 мыңнан астам қой мен ешкі бар екен. 400 басқа арналған мал бордақылау алаңында қазір біраз мүйізді ірі қара мен оншақты қылқұйрық семіртілуде.

- Өзіміздің бордақыдағы түліктермен бірге ауылдағы басқа адамдардың да малдарын қасапханада сойып береміз. Ақысы қымбат емес, әркімнің жағдайын ескереміз ғой. Оның үстіне шаруамызды дөңгеленту үшін мемлекеттен 12 млн. теңге субсидия алдық, бұл да үлкен көмек, - дейді «Шәмшия» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Қожахметов.

Ақсуат ауылына іргесі тиіп тұрған Екпін ауылындағы Қайырлы Қасенов басқаратын «Мәуліт» шаруа қожалығы бүгінде ірі қара мал тұқымын асылдандыру, көбейту және етінің сапасын арттыру бағытында нәтижелі еңбек етіп жатыр екен. Аталған ауылдағы шаруашылық құрылымының жағдайымен танысқан соң, ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Ақсуат ауылында жақында ғана ашылған «Қазақстан халық банкі» филиалының ғимаратын аралап, аудандық мәдениет үйінде жұртшылықпен жиын өткізді.

- Ең бастысы, елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы. Мемлекет басшысының ұстанған саясаты да сол. Егер елімізде бейбітшілік болса, экономика да дамып, жұрттың әлеуметтік жағдайы да арта береді, - деп сөзін бастаған аймақ басшысы қазіргі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірқатарына тоқталып өтті.

Шығыс Қазақстан облысы басшысы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру сияқты салаларға ерекше тоқталды. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы қысқаша ақпарат берді. Суармалы жерлерді игеру, тұқымның сапасын жақсарту, мал басын көбейту және асылдандыру, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан мағлұматтар берді.

Серік Әбілхан
сурет Есімхан Орынбаевтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Қоғам | Кілт сөдер: ақжар ауылы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар