Үздік дәнекерлеуші анықталды

(Дауыстар: 1)
Үздік дәнекерлеуші анықталды

Өскемен қаласында студенттер арасында П.Құрманов атындағы «Үздік дәнекерлеуші» атты облысаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Оның негізгі мақсаты - студенттердің кәсіптік дайындық сапасын анықтау, жастар арасында дәнекерлеуші мамандығын кеңінен насихаттау, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дәнекерлеуші мамандығының болашағы зор, табысы мол мамандық. Кәсіби дәнекерлеушілердің айтуынша, арнайы оқуды тәмамдаған мамандарға сұраныс та жоғары.

- Техникалық мамандар өндіріске өте қажет. Олар әсіресе, ауылдық жерде тапшы. Бұл мамандықты алып шыққан балалар жұмыссыз қалмайды, - дейді Семей қаласынан келген электротехникалық колледждің өндірістік оқу шебері Роллан Абулғазинов. Бұл колледжді тәмамдаған студенттерге «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқаннан кейін барып дипломдары беріледі екен.

Бұл колледждің атынан байқауда бақ сынауға Ерболат Тұрысбеков пен Шыңғысхан Төлеу есімді студенттер келіпті. Зайсан қаласының технологиялық колледжінің студенттері - 3-дәрежелі дәнекерлеушілер Еркебұлан Мәмиев пен Ақжол Ерғазиев бұл мамандықты игеріп жүргендерін мақтан тұтатындарын айтады.

Облысаралық байқауға қатысуға барлығы 19 колледжден 28 адам өтініш білдіріпті. Олардың ішінде өңірдегі оқу орны студенттерімен қатар, Талдықорған, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарының студенттері де бар. Байқау екі аталым бойынша өтті. Біріншісінде тест арқылы студенттердің білімі сыналды. Екіншісінде тәжірибе жүзінде өз шеберліктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша, «Қолмен имектеп дәнекерлеуде» бірінші орынды Қарағандыдан келген Максим Макеев еншілесе, екінші орын Глубокое ауылшаруашылық колледжінің оқушысы Егор Дейвальдке бұйырды. Үшінші орынға талдықорғандық Нұрасыл Қапас табан тіреді. Ал «газбен дәнекерлеу» бойынша бірінші орынды Қазақстан-Корей колледжінің оқушысы Константин Воробьев жеңіп алды. Екінші орынды С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіби-техникалық колледжінің оқушысы Сұлтан Әлімбеков, үшінші орынды Текелі кәсіби колледжінен келген Сергей Буханцев еншіледі.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар