Семей машина жасау зауыты техниканың жаңа түрлерін шығарады

(Дауыстар: 1)
Семей машина жасау зауыты техниканың жаңа түрлерін шығарады

Семей машина жасау зауыты Қорғаныс министрлігінің тапсырыстарын орындаумен қатар, техниканың жаңа түрлерін шығаруды қолға алып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әсіресе, Кедендік одаққа мүше болу оларға көптеген жеңілдіктер туғызыпты. Сонымен қатар, өндіріс орны жаңа жабдықтармен, соңғы технологиямен жабдықталып, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызылыпты. Машина жасау зауытының директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша, бүгінде «Минск автомобиль заводы» ААҚ-ымен келісім жасалып, белорустық әріптестермен бірге 8 тонна жүк көтере алатын «МАЗ-892600» маркілі автотіркеменің екеуін шығарған, бұл әзірше қанатқақты жоба. «МАЗ» көліктерінен басқа мектеп автобустарын шығаруды да кәсіпорын жолға қойып отыр. «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ бойынша бұл жоба қорғалған, инвестициясы 2 млрд. теңге көлемінде.

Зауыт ұжымының біліктілігі де жоғары деңгейде, сапа жөнінде ISO 9001:2008 сертификатына ие болған. Бүгінде бәсекеге қабілетті кәсіпорын ретінде танылған. Отандық өнімді өндіріп қана қоймай, шет елдерде де «Қазақстанда шығарылған» деген белгіні танытып келеді. Бүгінде «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы мен Төтенше жағдайлар министрлігі зауыттың өнімдеріне қызығушылық танытып отыр. «КАДЕХ-2010» халықаралық көрмесінде Ресей, Чехия елдерінің мамандары да кәсіпорын өнімдеріне қызығушылық танытып, соның нәтижесінде бірқатар келісімшарттарға қол қойылды.

Зауыт өздеріне қажетті мамандықтарды дайындайтын оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуды жолға қойған. Сондықтан да мұнда жұмыс істеуге жастар өте көп келеді. Соңғы жылдары қосымша 200-дей жоғары дәрежелі маман зауытқа жұмысқа келіп орналасыпты. Отандық өнім түрлерін молайту – басты міндеттердің бірі. Бұл әсіресе, Кедендік одаққа мүше болған елдер үшін экономика саласындағы едәуір ілгерілеушілік болып табылады. Зауыт бүгінде Ресейдің кәсіпорындарымен тығыз байланыс орнатып, арнайы жүк тягачтарын шығаруды жолға қойған. Мәселен, Мәскеудің «Геофизика» федеральды біртұтас кәсіпорны «Семмаш» зауытына үнемі тапсырыс беріп келеді. «Қазақстанда шығарылған» деген отандық сапалы өнімдер Қиыр Солтүстік пен Заполярьеде де танымал болған. Бұл ғажайып техника деп баға берген екен ресейліктер. 70-120 градустық аяз бен 60 градустық ыстыққа төтеп бере алатын тягачтарды сатып алу үшін ресейліктер келісімшартты бірден 3-4 жылға жасап отырады.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар