Аблакетка кентінің мәселелері біртіндеп шешімін табады

(Дауыстар: 1)
Аблакетка кентінің мәселелері біртіндеп шешімін табады

Алдағы уақытта Өскемен қаласына қарасты Аблакетка кентінің дамуына ерекше көңіл бөлінбек. Атап айтқанда, мұндағы жолдар күрделі жөндеуден өткізіліп, көшелер абаттандырылатын болады. Бұл туралы кент тұрғындарымен кездесу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аблакетка кенті жұртшылығымен өткен басқосуда тұрғындар тарапынан сан алуан сұрақтар қойылды. Олардың дені Аблакетканың әлеуметтік тұрғыдағы мәселелеріне, оның ішінде жылумен, ауызсумен қамту, жаңа балабақшалар салу мен көшелерді көркейтуге қатысты болды. Кездесу барысында байқағанымыз, кент жұртшылығын әсіресе, білім және денсаулық салалары мамандарының тапшылығы алаңдатады екен. Кент қала орталығынан айтарлықтай шалғайда орналасқандықтан, мұнда дәрігер мен мұғалімдерді жұмысқа тарту көп жағдайда қиынға соғып жатады.

- Бүгінде бұл бүкіл облысымызға ортақ проблема екенін айту қажет. Өзімізде Семей мемлекеттік медицина университеті сияқты іргелі жоғары оқу орындары бола тұрып, аймағымызда 500-ге тарта дәрігер маманның жетіспеушілігі байқалады. Қазір аталмыш олқылықтың орнын толтыру бағытында кешенді жұмыс жоспары жасалып, айтарлықтай шаруа тындырылуда. Әрине, жас мамандарды қала іргесінде орналасқан осындай кенттерге тұрақты жұмысқа тарту үшін оларға барлық жағдайды жасауымыз керек. Ол үшін ең әуелі жастарды баспанамен қамту жағын ойластырғанымыз жөн. Биыл облыс орталығында 122 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Міне, жас дәрігерлерге осы үйлерден пәтер беру арқылы аталмыш мәселенің түйінін тарқататын боламыз. Дегенмен, бұл бір күндік жұмыс емес екенін түсініңіздер, - деді Ермек Көшербаев.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары сонымен қатар, елді мекенді интернетпен қамту, көшелерді абаттандыру, балалар ойнайтын алаңқайларды салу мәселелеріне де тоқталып, аталған проблемалардың да біртіндеп шешімін табатынын жеткізді. Тұрғындардың қылмыстық жағдайды оңалтуға қатысты қойған сұрақтарына да жауап беріп, бұл жөнінде жиынға қатысқан Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов пен құқық қорғау органдарының өкілдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.

Өз кезегінде қала әкімі Темірбек Қасымжанов облыс орталығының 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлар туралы баяндады. Қала әкімінің айтуынша, биыл Өскеменде 16 индустриялықинновациялық жоба әзірленуде екен.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев Аблакетка кентінің мәселелері облыс басшылығының назарынан тыс қалмай, қашан да бақылауда болатынын айта келе, тұрғындарды еліміздегі тұрақтылықты сақтау үшін бір кісідей атсалысуға шақырды. - Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа сіздердің арыз-өтініштеріңізді жеткізетін боламыз. Сондықтан бүгін айтылған мәселелердің барлығы да шешімін табатынына күмән келтірмеңіздер. Енді өз тараптарыңыздан азаматтық жауапкершілік танытуларыңызды сұраймын. Қазір әлемде түрлі қақтығыстар орын алып жатқанын білесіздер. Сондықтан осындай елдігіміз, бірлігіміз сыналар шақта барынша тату болып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білуіміз қажет, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: Аблакетка

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар