Тимуршылар оқу жылын қорытындылады

(Дауыстар: 1)
  • 6 мамыр 2014, 10:32 |
  • Пікірлер: 1
Тимуршылар оқу жылын қорытындылады

Өскемендегі оқушылардың шығармашылық сарайында өткен тимуршылар жасақтарының Жеңістің 69 жылдығына арналған слетіне ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, жас бастамашылардың тәжірибе алмасу үрдісіне куә болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кеңес заманында қолға алынған тимуршылар қозғалысы тәуелсіздік алған жылдары елімізде бірден етек алған болатын. Бүгінде сол игі шара біздің облыста да жалғасын тауып келеді. Биылғы оқу жылын қорытындылаған «Асар» жасақтарының слеті осы іске белсене кіріскен ұжымдар мен жекелеген оқушыларды анықтады.

Бүгінде мектеп қабырғаларында аталмыш жасақтар құру жас ұрпақты тәрбиелеудің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Тимуршылар елді мекендерді абаттандырып, қарттарға көмектесуді міндетіне алған. Осының арқасында «Жас Ұлан» бірлестіктері мен ардагерлер ұйымдарының арасында тығыз байланыс орнап келеді.

Игі шараның маңызын арттырып, ауқымын кеңейтуге белсене атсалысқан ұжымдар мен жекелеген тұлғаларды анықтау мақсатында «Менің Отаныма арналған 10 игі іс», «Тимуршылар айтпайды, істейді» атты сырттай байқаулар жарияланған. Нәтижесінде «Үздік тимуршылар жасағы», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік тимуршы», «Тимуршы жасағының жай-күйі жөнінде үздік ақпарат беруші», «Үздік тимуршылар жетекшісі» аталымдары бойынша белсенді деп танылғандар марапатталды.

Қаладағы білім ошақтарының тимуршы жасақтары кезек-кезек мінберге көтеріліп, жыл бойында қандай игі шараларды атқарғандары жөнінде есеп беріп, өздеріндегі озық деген идеяларды ортаға тастады. Салтанатты шараны шығармашылық сарайының шәкірттері әуезді әнмен, бейнелі бимен әрледі. Тимуршы жасақтардың тәлімгерлері де осы басқосудың арқасында бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Қалалық №16 мектептің аға тәлімгері Айгерім Мағзиева өз тобындағы 10 оқушының Михаэлис көшесінде тұратын қарияларға түрлі көмектер көрсетіп келе жатқанын айтады. Ол бүгінгі слет жеткіншектердің оқу жылында атқарған шаруаларын қорытындылап қана қоймай, үздік тәжірибелерді көпшілікке таратуға жол ашатынына да сенімді.

«Жас Ұлан» жасақтарының аяқ алысын бағамдап, ақ батасын беру үшін бұл жиынға соғыс және тыл ардагерлері де шақырылыпты. Олар бұл кеште бүгінгі жас буынның айқын мақсат пен жасампаз жобаларды іске асыруға нықтап бекінгендерін көріп сүйсінді, бастаған істеріне ақ жол тіледі.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

малика | 26 тамыз 2014 14:12
Мен жас тимуршылардың бірі едім, өзімді көрмедім.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар