Өскеменде "Медициналық колледждердің ең үздік түлегі -2014" анықталды

(Дауыстар: 1)
Өскеменде "Медициналық колледждердің  ең үздік түлегі -2014" анықталды

Өскеменде еліміздегі медициналық колледждердің ең озат деген оқушылары жиналып, «Қазақстан Республикасының медициналық колледждерінің ең үздік түлегі - 2014» атану үшін ақтық сынға түсті. Конкурс қонақтары мен қатысушыларды конкурстық комиссияның төрайымы, ҚР ДМ Ғылым және адам ресурстарын дамыту департаментінің медициналық білім және ғылым басқармасының басшысы Улмира Нұралиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянников құттықтап, үміткерлерге сәттілік тіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алдымен өз оқу орындарында, одан кейін облыстарында дара шыққан 15 финалист республикалық конкурста өздерін сегіз қырлы, бір сырлы жастар ретінде көрсете білді. Алғашқы кезеңде тестілеу арқылы теориялық білімдерін дәлелдеген үміткерлер екінші кезеңде шығармашылық қырларынан танылды. Мысалы, павлодарлық Айнұр Құсманова фельдшердің жұмысының қызығы мен шыжығын әнге қосса, Петропавлдан келген Алина Серегина өз мамандығы жайлы мемлекеттік тілде әңгімелеп берді. Бәрінен де Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Құдайберген Түркіменовтың ашқан жан сыры жиналғандарды тебірентіп жіберді. «Менің жан досым Жомарт жедел жәрдем дер кезінде жетпегендіктен көз алдымда жүріп кетті. Сонда мен өзіме-өзім «енді ешқашан да достарымды жоғалтпаймын» деп серт берген едім. Бұрын қан мен инеден қорқатын мен енді адамдарды емдеуге дайынмын» деген Құдайберген міндетті түрде ауылды жерге қызметке баратынын айтты.

Өскеменде "Медициналық колледждердің  ең үздік түлегі -2014" анықталды

Үшінші кезеңде болашақ мамандар 30 минуттың ішінде «стандартты пациентке» диагноз қойып, оған дәрігерлік көмек көрсетуге тиіс болатын. Олардың іс-қимылдарын сарапшы ретінде шақырылған қаланың үздік дәрігерлері бағалады. «Үміткерлердің көпшілігіне тән ортақ кемшілік ¬– олардың бірден науқасқа көмек бермей, сарапшыларға әңгімелеп тұрып алғандары. Оның үстіне олардың қолдарында пациенттер туралы жазбалары болды. Негізінде олар науқастардан деректерді өздері сұрап үйренулері керек» дейді қазылар алқасының мүшесі, республикалық колледждің директоры Сұлтан Сейдуманов. Дегенмен сарапшылар да, қазылар да қатысушылардың деңгейлерінің жоғары екенін атап өтті.

Тартысты өткен конкурстың қорытындысы бойынша республикалық медициналық колледждің түлегі Қайрат Әшім ең үздік түлек деп танылды. Екінші орынды Семейдегі Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледждің өкілі Қымбат Сайдахметова иеленді. Үшінші орынды Алматы медициналық колледжінің түлегі Нұрдәулет Қожагелдиев пен Жетісай медициналық колледжінің түлегі Құдайберген Түркіменов бөлісті. Қазылар алқасының мүшесі , облыстық ана мен бала орталығының директоры Рая Рахимова «Тараз медициналық колледжінің түлегі қолдарын жууды жетік меңгеріпті, бұл әсіресе балалармен жұмыс істеуде өте маңызды, ал Алина Серегинаны тыңдаудың өзі бір ғанибет болды» дейді.
Жүлдегерлер мен қатысушылардың барлығы бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Өскеменде "Медициналық колледждердің  ең үздік түлегі -2014" анықталды

Медициналық колледж түлектерінің дәстүрлі байқауы осымен төртінші рет ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда орта буын қызметкерлерге қойылар талаптар өскен.

– Қазір әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, медбикені дәрігердің серіктесі ретінде даярлау және оларға дәрігерлердің кейбір функцияларын жүктеу көзделуде. Мысалы, медбике скринингтік тексерулерді, басқа да процедураларды өз бетімен атқара алады. Осыған орай қолданбалы бакалавриат оқу бағдарламасы енгізілмек. Қазір медбикелік қызметті дамыту концепциясы жасалып жатыр, – дейді Улмира Нұралиева. Республикалық колледждің директоры Сұлтан Сейдуманов бұдан әсіресе жалғыз фельдшері бар шалғай ауылдардың ұтатынын айтады. Орта буын қызметкерлердің білім деңгейін көтеру мақсатында жоғары медбикелік қызмет мектептері ашылады, оның арнайы концепциясы әзірлену үстінде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянников Астанада өткен бос қызмет орындары жәрмеңкесінде жоғары медбике мектебінің үздік бір түлегін Шығыс Қазақстанға шақырғанын айтты.

Айна Ескенқызы
суреттерді ШҚОСӨСҚО ұсынды
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар