Дуальді оқыту жүйесін енгізуга арналған III республикалық форум

(Дауыстар: 1)
Дуальді оқыту жүйесін енгізуга арналған III республикалық форум

Өскеменде «Техникалық және кәсіптік білім беруге дуальді оқыту жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі» атты III республикалық форум өтті. Оның жұмысына Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған, Парламент депутаттары қостаған үкіметтік делегация, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, республиканың әр өңірінен келген өкілдер қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Форумды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ашты. Президент тапсырмасына сәйкес оқытудың дуальді жүйесін енгізудің ұлттық моделін қалыптастыру мен мемлекет экономикасының инновациясына білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығына ерекше тоқталған аймақ басшысы: – Бұл форум кейінгі екі жылда облысымызда қолға алынған оқытудың дуальді жүйесін енгізу бойынша қанатқақты жобаның нәтижелі жүзеге асырылуына ықпал етіп, өнеркәсіп пен оқу орындарының арасындағы байланысты нығайта түсуге қосымша серпін береді деген сенімдеміз. Жалпы, облыстағы барлық білім беру мекемелері тиісті стандарттарға толықтай жауап береді. Олардың әрқайсысы сұранысқа сәйкес кадрлар даярлауды басшылыққа алған. Бұған қоса Мемлекет басшысы тарапынан жүктелген үш ауысымдық және апаттық мектептерді жою бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні облысымызда үш ауысыммен оқитын білім беру мекемесі жоқ десек, апаттық мектептердің саны 36-ны құрап отыр. Кейінгі екі жылда 22 апаттық мектептің орнына жаңасын салдық. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 19 жаңа білім ошағы қолданысқа берілмек. Сөйтіп, 2015 жылға дейін аймақтағы барлық апаттық мектептерді жоямыз. Дегенмен, осы тұста бір айтатын мәселе, Білім және ғылым министрлігі апаттық мектептерді анықтаудың нақты тегершігін жасауы тиіс. Ал енді балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру орындарымен қамтуға келсек, мұндағы облыстың көрсеткіші - 97%. Шағын орталықтар ашу және бұрынғы балабақша ғимараттарын қайтарып алу арқылы бұл көрсеткішті 2015 жылға қарай жүз пайызға жеткіземіз, - деп түйді.
Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдегі бұқаралық спорттың даму барысы, жаңадан ашылып жатқан спорттық нысандар туралы айтып өтті.

Дуальді оқыту жүйесін енгізуга арналған III республикалық форум

Естеріңізге сала кетейік, біздің облыс кәсіптік және техникалық білім беруде тиімді жұмыс істейтін индустриялық-аграрлы дамыған аймақ ретінде дуальді оқыту жүйесін жаңғырту бағдарламасының қанатқақты жобасын іске асыру құрметіне ие болған-ды. Жаңғырту бағдарламасының тетіктері – облыстық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадрлар қажеттілігін болжау, кадрлар даярлауда мемлекеттік тапсырыстың адам басына қаржыландыру, оқу орнын бітірген түлектердің еңбекпен қамтылуы және бекіту мониторингі, инженер-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру сияқты бүгінгі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер.

Қазір кадрлар даярлау жүйесіне өңірдегі 1207 кәсіпорын мен мекеме тартылған болса, мұның 87-сі дуальді оқытуға белсенді қатысуда. Соған қарамастан жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, облысымыздағы кәсіпорындарда 2018 жылға дейін ҮИИД бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік мамандықтарға сұраныс азаймай тұр. Айталық, «Азия Авто» АҚ-ның металлургия және машинақұрастыру саласындағы кадрға деген жалпы сұраныстың үлес салмағы 45,1 пайызды құраса, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің геология, тау-кен өндірісі және пайдалы қазбаларды игеру саласында бұл көрсеткіш 17 пайызға тең. Сол сияқты кадр жетіспеушілігі «Қазцинк», «ГРК МЛД», «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» тәрізді бірсыпыра жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде байқалады.

– Форумның тақырыбы біздің еліміз үшін өте маңызды. Себебі, әрбір қарапайым жұмысшы мамандығы ел экономикасының бәсекеге қабілетті болуына өзінің септігін тигізбей қоймайды. Индустрияландырудың сәтті жүзеге асырылуы ең бірінші кезекте өнеркәсіп орындарына байланысты десек, ал сол кәсіпорындардың дамуы техникалық және кәсіптік білімі бар білікті мамандарға тікелей тәуелді екені анық. Айталық, Австрия, Бельгия, Нидерландыда оқушылардың 70 пайызы жұмысшы мамандығын таңдап, меңгеретін болса, Германия, Швейцария, Норвегия, Швеция елдерінде бұл көрсеткіш алпыс пайызды құрайды. Яғни, дамыған еуропалық мемлекеттерде жұмысшы мамандықтарына баса көңіл бөлінеді. Ал елімізде өкінішке қарай, 9-сыныптан кейін кәсіптік-техникалық мамандықтарға баратындар қатары он пайыздан әрең асады. Сондықтан дуальді оқыту жүйесін енгізу бойынша қанатқақты жобаны сәтті жүргізген Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесін басты негізге ала отырып, аталған проблеманы шешуге кірісуіміз қажет, - деген Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова туындаған мәселенің себептерін де атап өтті.

Оның айтуынша, кәсіптік-техникалық білім беру үдерісіне бизнесті тартудың нашарлығы, мектеп оқушыларын қызықтыратын, ынталандыратын тетіктердің болмауы және басқа да жағдайлар жинала келе өнеркәсіп орындарында кадр тапшылығының туындауына әсер етуде.

Форум барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов және басқалары баяндама жасап, тақырыпты тарқата түсті. Аслан Сәрінжіпов дуальді оқыту жағдайында кадрлар даярлаудың жүйесіне кеңірек тоқталса, әріптесі Тамара Дүйсенова «Кәсіби стандарттар – дуальді оқытудың негізі» деген тақырыпты қаузады.

Серік Әбілхан
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар