Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мүгедектерді қорғауға бағытталған заң жобасымен таныстырды

(Дауыстар: 1)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  мүгедектерді қорғауға бағытталған заң жобасымен таныстырды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Өскемендегі тірек қозғалысында кемістігі бар балаларға арналған оңалту орталығында болып, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерімен кездесті. Кездесуде мүгедектерді әлеуметтік қорғауға бағытталған заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек департаментінің мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Табергенова заң жобасының әр бабына түсінік бере отырып, оларды іске асырудың тетіктерін атады. Министрлік өкілі жаңа заң жобасы «мүгедектерге қолжетімділік туғызу», «ақпараттық қолжетімділік», «лайық жұмыс» сынды ұғымдарды дүниеге әкелгенін атап көрсетті. Сәулет және тұрғын үй құрылысы саласында мүгедектерге жағдай жасаудың түрлі шарттарын қарастыратын бұл жоба өз баспанасын ыңғайлы етіп жарақтау ісін бюджет есебінен қаржыландыруға мүмкіндік береді. Мұндай субсидия тек арнайы қондырғылар орнату немесе тұрғын үйдің кіреберісін жарымжан адамға ыңғайлау жобаларына ғана ұсынылады. Аталмыш сәулеттік өзгертулер өзге көршілерге кедергі келтірмеу керектігі де құжатта нақтыланған.

Төтенше жағдай кезінде мүгедектерді қауіпсіз жерге шығару, электрондық ақпараттың барлық түрін мүгедектерге қолжетімді ету, жекеменшіктегі мәдениет ошақтарына қолжетімділік сынды бірқатар тың бастамалармен толыққан аталмыш құжат қолданысқа енсе, ондаған Заң мен сегіз Кодекске өзгертулер енгізілетін болады.

Бұған дейін құрылған әлеуметтік жұмыс орындарын енді арнайы жұмыс орындары толықтырмақ. Бұл дегеніміз әлеуметтік жұмысқа орналасқан мүгедектің жұмыс орны өзіне ыңғайлы етіп жабдықталатын болады деген сөз. Өңірлік телеарналардың барлығында субтитрлі таралым болуын қамтамасыз ету де жаңа Заңның міндеті. Заң жобасында жазасын өтеуші мүгедектердің құқығы да жан-жақты қарастырылмақ.

Тамара Дүйсенова мүгедектерге берілетін жәрдемақы мөлшері 2015 жылдың қаңтарында жеті пайызға артатынын, осы жылдың шілдесінде тағы да 15 пайызға өсетінін жеткізді. Қоғамдық бірлестіктер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере келе, министр бүгінде мүгедектерге қызмет көрсетуші ұйымдар мен оларға жұмыс берушілердің алдынан шығып отырған барлық кедергілерді мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен еңсеруге болатынын түсіндірді. Мүгедектерді оқыту-өндірістік комбинатын қалпына келтіру идеясын құптаған Тамара Дүйсенова Шығыс Қазақстан бұл бағытта да қанатқақты өңір болу керектігін атады. Аталмыш шараны биылғы жылдың ішінде қолға алу жүктелді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бағытында біздің өңірдің көшбасшы екенін айтқан министр кездесу өткен оңалту орталығының жұмысына да оң бағасын берді.

- Дәл осындай интернат-үйлерді көптеп ашу біздің келешекте атқаратын негізгі жұмыстарымыздың бірі болуы тиіс. Мұндай орталықтардың әр ауданда болуын қамтамасыз ету тіптен маңызды. Осындағы орталыққа облыстың аудандарынан 20 бала келіп орналасқан екен. Ал егер осындай орталықтар әр ауданда болса, балалар да, ата-аналар да бұлайша қиналмайтын еді. Әрине, әр ауданда мүмкіндігі шектеулі жандар саусақпен санарлық қана болуы мүмкін. Есесіне, бұл орталықтағы қызметтің сапалы болуына ықпал етеді. Алдағы уақытта осы жағына бас мән берілетін болады, - деді ол.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар