Университеттің қызметкері ауаны зиянды заттардан тазарту жобасын ұсынды

(Дауыстар: 1)
Университеттің  қызметкері ауаны зиянды заттардан тазарту жобасын ұсынды

Семейдегі Шәкерім атындағы мемлекеттік университеттің қызметкері Михаил Ермоленко шағын EXPO-2014 көрмесіне қарапайым ғана жоба ұсынып отыр. Алайда, оның Семей қаласының ауасын тазартуға тигізер пайдасы орасан болмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Ауаны жасыл желең отырғызу арқылы зиянды заттардан тазарту» жобасының мақсаты - шаһардағы жасыл алқаптың ауа тазартудағы әлеуетін зерттеп, тиісті шаралар қолдану. Ол үшін Семейдегі жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындардың қоршаған ортаға әр мезгілде тигізер әсерін зерделеу қажет. Аталмыш ғимараттардың айналасындағы ағаштар мен бұталардың құрамындағы күкірттің мөлшерін, жапырақтарының көмірқышқыл газдарын тұту деңгейін зерттеу керек. Осы зерттеулердің нәтижесіне орай қай өсімдіктің зиянды заттарды көп жұтатынын, оның қаншасын қайтадан сыртқа бөлетінін анықтауға болады. Осы ақпараттар негізінде қай өсімдіктің қалада көптеп өсуіне жағдай жасау, ал қайсысының санын азайту, әр өсімдіктің кәсіпорын ғимаратынан қаншалықты қашықтықта отырғызылу керектігін есептеп шығару арқылы қаланы көгалдандырудың жаңа жобасын әзірлеуге болады.

Қаладағы жылу кәсіпорындары түгел дерлік Қаражыра көмірін қолданады. Ал мұндай отынды жағудың және қауіпсіз пайдаланудың тәсілдері болады. Осы тәсілдерді пайдалану барысында қандай ағаштар мен өсімдіктерге басымдық беруге болатынын анықтау – жобаның негізгі мақсаты. Бүгінгі таңда елімізде ауаның ластануын реттеу мақсатында отырғызылған ағаштардың негізгі бөлігі ескірген. Ал кейбір ағаштар қартайған шағында қоршаған ортаға бұрынғыдай пайдалы бола алмайды. Оның үстіне олардың орнын жас ағаштармен алмастыру талабы туындайды. Аталмыш мәселе Семейде де өте өзекті болып отыр. Қаладағы өндіріс бағытының өзгергенін, технологиялардың жаңарғанын ескерсек, қаланы жасылдандырудың ғылыми зерттеулерге негізделген жобасы қажеттігі сөзсіз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар