Инвестициялық жобалар нақтыланып, инвесторлар тартыла бастады Шығыс Қазақстанда

(Дауыстар: 1)
Инвестициялық жобалар нақтыланып, инвесторлар тартыла бастады Шығыс Қазақстанда

Шығыс Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобалар нақтыланып, оларды іске асыруға ниетті инвесторлар тартыла бастады. Оның ішінде инвесторлардың қызығушылығын тудырып отырған Шар-Майқапшағай теміржол желісінің болашағы зор. Бұл жайында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Текешов кеңейтілген аппараттық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осындай инвестициялық жобалалардың бірі - Бұқтырма су қоймасы арқылы Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғастыратын көпірдің бүгінгі күні техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып, мемлекеттік сараптамадан оң нәтиже алған. Ендігі жерде облыстық бюджеттік комиссияның оң шешімі шыққан соң, көлік және коммуникация министрлігі өзінің шешімін қабылдайды. Содан кейін бұл жобаға инвесторлар қаражат салса, құрылыс жұмыстары да басталады.

Тағы бір маңызды инвестициялық жобаның бірі - теміржол желісін тарту. Оның ішінде инвесторлардың қызығушылығын тудырып отырған Шар-Майқапшағай теміржол желісінің болашағы зор.

– Жалпы, теміржол торабына қатысты жауапты министрлік тарапынан қарсылық жоқ. Бұл орайдағы біздің басты дәлеліміз теміржол бойындағы жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды игеру болуы керек. Сөйтіп, ол тораптың бойындағы елді мекендерді дамытуға ықпал ететінін де ұмытпаған абзал. Бүгінгі күні түйіні шешілмей тұрған проблеманың бірі - теміржол торабы тартылатын жерлер. Жауапты орындардың басшылары болашақ шойын жолдың қай ауданның аумағымен өтетінін және ол жерлер кімнің иелігінде екенін анықтап, олармен жұмыс істесін. Егер ол жерлер мемлекеттің иелігінде болса, ешқандай мәселе туындамайды, ал егер жекеменшікке қараса, иесімен қазірден бастап келіссөздер жүргізіңіздер, - деген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталған мәселелер шешілгенде ғана нақты ұсыныспен Үкіметке шығуға болатынын айтты.

Тұрғысын өзеніне салынатын шағын СЭС жобасын Индустрияландыру картасына енгізу бағытында не істеліп жатқанын Зырян ауданының әкімінен сұрап білген аймақ басшысы облысымызда қолға алынған өзге де инвестициялық жобалардың жағдайы туралы өзінің орынбасары Ерлан Текешовтің жан-жақты ақпарат беруін талап етті.

Аппараттық кеңестің соңына қарай әртүрлі мазмұндағы бірқатар мәселелер қаралды. Олар: Курчатов қаласында ғылыми қалашық құру жұмыстарының барысы, облыс аудандарындағы құрылыс нысандарын қолданысқа беру, оның ішінде жаңадан салынып жатқан апаттық мектептер мен медициналық мекемелерді мерзімінен кешіктірмей ашу, Өскемен қаласында абаттандыру, көгалдандыру шараларын жүргізу, көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай атқару және басқалары. Аталған мәселелер бойынша аймақ басшысы аудандар мен қалалардың әкімдеріне, басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар